Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімі өтетін уақыты белгілі болды.
RING басымылымының журналисі Майкл Вудс туиттер парақшасында қос боксшы 17 наурыз күні 09:00-де (Астана уақыты бойынша 20:00) салмақ өлшейтінін хабарлады.
Рәсімнің мұндай ерте өтуі Madison Square Garden аренасының бос болмауымен байланысты болып отыр. Америкалық тілші Стив Ким 17 наурызда ирландиялық Майкл Конланның бокс кеші өтетінін мәлімдеді. Ал апта соңында студенттер арасында NCAA баскетбол лигасы өтеді. Осыған байланысты салмақ өлшеу рәсімін таңертеңге қойыпты.
Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі өтерден 30 күн бұрын салмақтарын өлшеген. Ол кезде қазақстандық 165,1 фунт (74,89 кг) болса, америкалықтың салмағы 174,8 фунтты (79,29 кг) көрсеткен болатын.
Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 18 наурызда өтеді.
• 10 Наурыз, 2017
Головкин мен Джейкобс 17 наурызда салмақтарын өлшейді

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше