11 Наурыз, 2017

Атырауда ондаған адам газдан уланды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырауда бүгін кешкісін ондаған адамдар «Насиха» ірі сауда орталығында тараған белгісіз газдан уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мен басында не болғанын түсінбей қалдым. Бутикте отырып, бір мезетте елдің барлығының жөтеле бастағанын байқадым. Алдымен қандай да бір ауру тарады ма деген ой келді. Содан соң белгісіз иісті сезіп, тамағым жыбырлап кетті. Біз бірден далаға жүгіріп шықтық, сыртта тағы ондаған адамдар жиналып тұрды. Олардың кейбірі жөтеліп қана қоймай, демдері де жетпей жатты. Біраз уақыттан соң полиция қызметкерлері келді», – деді оқиғаның куәгері Әйгерім Мақашева. Сауда орталықта біреулердің белгісіз газды шашқанын полиция да растады. «Бұзақылық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу тобы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Газдан уланып, ауруханаға жеткізілген адамдар туралы хабар болған жоқ», – деді ішкі істер департаментінің өкілдері.