12 Наурыз, 2017

Отандық жейделер экспортқа шыға бастады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несие алып, отандық киім тігуді бастаған «Dalatex» компаниясы бүгінде өз өнімін шетелге экспорттауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Dalatex» компаниясы ерлер жейдесін тігуді осыдан бір жыл бұрын қолға алған. Көпшіліктің көзайымына айналған цех бүгінде өз өнімін Қазақстанның барлық аймақтарына, тіпті, Ресейге де экспорттап отыр. «Dalatex» брэнді кең үлгіде, қынама белді және жартылай ұзындықтағы үлгімен әртүрлі маталардан ерлер жейделерін ұсынады. Фабриканың негізін қалаушы Ділмұхамед Абизов бизнес жолын 20 жыл бұрын бастаған. Ол кәсібін дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 14 пайызбен 30 млн теңге несие алған, оның 10 пайыздық үстемесін мемлекет қайтарымсыз негізде субсидиялауда. «Мен өз арманымды жүзеге асыра алғаныма қуаныштымын. Күнделікті 200-ден астам жейде тігудеміз. Ал шеберлеріміз көйлектің әр түрін ұсына отырып, талғамы жоғары тұтынушылардың тапсырысын орындауда. Біздің өнімді жергілікті халық қана емес, өзге өңір тұрғындары да ұнатып, сатып алуда. Бұл – еңбегіміздің жемісі», – дейді кәсіпкер.