12 Наурыз, 2017

Үкімет азаматтардың сауалдарын әлеуметтік желі арқылы қабылдайды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14 наурыз, сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. Үкімет мүшелері Қазақстан азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және азық-түлік бағаларына қатысты өз сұрақтарын жолдауға шақыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Министрлер кабинетінің отырысында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, 2017 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу шаралары қаралады. Отырыс соңында ұлттық экономика, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, спикерлерге қойылатын сұрақтарды [email protected] электронды мекенжайына немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға жолдауға болады.