12 Наурыз, 2017

WBC белбеуінде Қазақстанның Туы мен Головкин бейнеленеді

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Отандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Қазақстан Туы WBC белбеуіне бейнеленеді. Мұндай өзгерістер Геннадий Головкиннің әлемдік спорт қауымдастығындағы орны мен оған деген сый-құрметтің белгісі болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жасыл-алтын түстес белдігі соңғы 37 жылда бірқатар өзгеріске ұшырады. Соңғысы – оған Қазақстанның көк туының енуі. WBC белбеуінде бокс тарихындағы ең үздік әрі ең мықтылар бейнеленіп келеді. Олардың қатарында Мұхаммед Али, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Рэй Леонард, Роберто Дюран, Хулио Сезар Чавес, Ларри Холмс, Виталий Кличко, Марвин Хаглер, Томми Хернс, Оскар де Ла Хойя және Флойд Мэйвезер бар. Ендігі кезекте, өз халқының абыройын асқақтатқан Геннадий Головкинге құрмет ретінде еліміздің жалауымен бірге оның бейнесі әлем мықтыларының белбеуінде көрініс табатын болады. Еске сала кетейік, 18 наурыз күні Геннадий Головкин өз титулын қорғау үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады. Айқас Нью-Йорктің Мэдисон Сквер Гарден аренасында өтеді. Жекпе-жек қазақстандық телеарналардан 19 наурыз күні таңертеңгі сағат 08.00-де тікелей эфирден көрсетіледі.