Астана қаласындағы «Festival Avenue» ғимаратында қазақстандық тауарлар павильоны ашылды. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай таныстырылған сауда нүктесін «Халық маркасы» федерациясы мен Еуразиялық іскерлік одағы ұйымдастырған. Салтанатты жағдайда көпшілік назарына ұсынылған павильонда үздік деп танылған жүз шақты отандық тауар өндірушінің өнімдері қойылады.
«Біздің бар мақсатымыз өзіміздің тауар өндірушілерге қолдау көрсету болып табылады. Қазіргі таңда павильонға жиырмадан астам бренд өз өнімдерін ұсынып отыр. Ал ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дейін жалпы үздік 100 бренд өз өнімін көрсетеді деп жоспарлаудамыз. Көпшілік назарына ұсынылған тауарлардың әлеуеті жоғары, экспортқа бағытталған», дейді федерация президенті Римма Тәжібаева. Оның айтуынша, таңдалған компанияларға өз жұмыстарын одан әрі белсенді жүргізуге барлық жағдай жасалған. Олар осында өз өнімін қою үшін бір жылға бар-жоғы 300 мың теңге төлейді. Бұл қаржы тиісті қызмет көрсететін азаматтарға берілетін көрінеді. Яғни, әрбір кәсіпкерден түскен қаражат сатушыға, қауіпсіздік қызметіне төленеді.
Шараны ұйымдастырушылар павильонға қойылған отандық өнімдерге шетелдік қонақтар тарапынан сұраныс жоғары болатындығына сенімді. «Астана әкімдігі еліміз үшін маңызды көрменің туристік картасын жасаған уақытта біз өтінішімізді білдірдік. Бұл нүкте де халықаралық көрменің туристік картасына кірді. Сондықтан шетелдік қонақтар осы аумаққа да ат басын бұрады. Себебі, мұнда қазақтың ұлттық өнімдері мен тағамдары және сапалы тауарлар қойылады», деді Римма Тәжібаева.
Павильонға өнімін қойған кәсіпкерлердің бірі – «Жарылқасым» шаруа қожалығының директоры Нағима Жарылқасымова. Зейнетке шыққан ұстаз жаңа технология арқылы құрттың бес түрін жасаған. «Мұнда табиғи өнімдерден – қызылша, қымыздық, асқабақ, жаңғақ және ірімшіктен жасалған құрт түрлерін әкелдім. Өнімдерімді енді ғана патенттедім. ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өз өнімімді, яғни қазақтың ұлттық тағамын брендке айналдырғым келеді. Себебі, бұл ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра», дейді ол. Сауда орнында бұдан бөлек, «Өмір Арт Студио» ЖШС-нің бұйымдары, Аида Қауменованың ұлттық киімдері, «Дударай» ЖШС-нің кондитерлік өнімдері, «Балаусаның» әшекей бұйымдары қойылған.
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстан мұнай-газ саласындағы геологиялық барлауды жандандырады
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20