13 Наурыз, 2017

Реформа серпіліске әкеледі

194 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Орал қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассам­блеясының республикалық бірыңғай күні шеңберінде Ба­тыс Қазақстан облыстық ҚХА активі және құрылымдық бө­лімшелерінің төрағалары мен мүшелері конституциялық реформаны қолдауға арналған дөңгелек үстел мәжілісін өткізді. – Елбасының қолы қойылып, заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңарған Конституциясы – ел дамуындағы тарихи оқиға. Біз осы тарихи сәттің куәгері болып отырмыз, – деді Батыс Қазақстан облысы Қазақ­стан халқы Ассамблеясы төр­аға­сының орынбасары-хат­шы­лық меңгерушісі Ғайса Қапақов. «Халық арасында бір ай бойы талқыланып, 6 мыңдай ұсы­ныс-пікірден кейін Ата Заң­ға енгізілген 26 түзету мен то­лық­тыру бүгінгі күн талабынан туған». Жиналғандар бір ауыз­дан осындай шешімге келді. Ассамблея кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының кан­ди­даты, М.Өтемісов атын­дағы Батыс Қазақстан мемле­кет­т­ік университетінің жалпы тарих және әлеуметтік-сая­си пән­дер кафедрасының доцен­ті За­хот Мухлисова билік тар­мақ­­тарының ара салмағы әр кезеңде әртүрлі болатынын айтады. Ғалымның пікірінше, 1995 жылы Конституцияға биліктің вертикаль пәрменділігін енгізу сол кезеңдегі Қазақстанның сая­си-әлеуметтік жағдайына орай жасалған ең дұрыс қадам бол­ған. Бұл пікірді «Ауыл» пар­тия­сы БҚО филиалының жетек­шісі Амангелді Баянов, Орал қала­сы әкімі жанындағы қоғам­дық келісім кеңесінің төрағасы Борис Чебаковтар да қолдады. – Бұдан бұрын да Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ес­теріңізде болса, осындай әр ре­формадан кейін еліміз ерекше дамып, тың серпіліс жасап келеді. Сондықтан, бұл жо­лы да солай болатынына кү­мәні­міз жоқ. Конституциялық рефор­маны Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы мүшелері бір ауыздан қолдайды, – деді Ғайса Қапақов. Жиын соңында Батыс Қа­зақ­стан облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясының үндеуі қа­былданды. Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ