Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында «Өзгерістер көшбасшысы» және «Көшбасшы-2020» тақырыптарымен корпоративтік оқу жобаларының алғашқы кезеңі өтті.
Жобалар өндірісте еңбек етіп жүрген орта буын басшылардың және компания жастарының басқарушылық дағдысымен көшбасшылық қабілеттерін арттыруға бағытталған. Яғни, оқу бағдарламасы аяқталған соң, олар нағыз көшбасшы ғана емес, алып өндірістерді басқара білетін, кәсіпорындарды бәсекеге қабілетті ете алатын білікті маман болып, болашақта өндірістік жұмыс орындарында өзгерістер енгізіп, тиімді бизнес-жобалар жасап, жаңа технологияларды іске қоса білуі керек.
«Өзгерістер көшбасшысы» және «Көшбасшы-2020» жобалары өте маңызды. Біз де мұны қабылдауға, үйренуге тиіспіз. Өндірістердегі ескі әдіс-тәсілдерден арылып, барлығы да жаңашылдыққа дайын болуы керек. Елімізде жаңа индустриялар құру, еңбек өнімділігін арттыру керек, өнеркәсіптік революция, автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу жайы, технологиялық қайта жарақтандырудың кешенді шаралары басталды. Жалпы, қай жерде болмасын, менеджментті жаңғыртусыз компанияның бәсекелестігін арттыру мүмкін емес. Мысалы, «Менеджермен бетпе-бет және «Өзгерістермен басқару» атты семинарда кәсіпорында жаңашылдықтарды енгізу соншалықты қорқынышты емес екендігін көрсетті», – дейді зауыттың өндірістік бөлім бастығы В.Мартынов өз сөзінде.
Ал цех бастығы Т.Қаленов былай дейді: «Мен «Өзгерістер көшбасшысы» тобына түскеніме өте қуаныштымын. Қарауымдағы цехта 365 жұмысшы бар. Бұған дейін жалғыз өзіме басқару жауапкершілігі өте қиын еді. Ал қазіргі жаңғырту жобаларына сай өткен оқудан кейін жаңа әлем ашылғандай. Жаңашылдық, үйрену деген осы. Қазір жұмысты реттеу әлде қайда жеңілденді».
Еуразиялық топта еңбек етіп жүрген жұмысшы-қызметкерлердің біліктілігін арттыру шаралары Мaster of Вusiness Аdministration, «Мини-МВА», «Стандарт менеджера ENRC» атты көшбасшылық бағдарламалардың аясында жүргізілуде. Осы бағытта компанияда жұмыс істейтін 600-ден астам кадр қайта даярлықтан өтпекші.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Ақсу қаласы
Суретті түсірген
Юлия ЛЕДАК

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше