16 Сәуір, 2011

Өрге өрлеген өндіріс

409 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Мұнай-газ саласы ел экономикасын дамытуда өте елеулі рөл атқарады. Аса маңызды әлеуметтік және білім беру бағдарламалары, индустриялық-инновациялық жобалар, жа­ңа өндірістер құру және қазіргі жұмыс істеп тұрғандарын қайта бағдарлау – мұның бәрі Қазақстанда көп ретте мұнай-газ саласының арқасында жүзеге асуда. Жуырда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сындағы көмірсутегі ши­кі­затын барлау жөніндегі төрт келісім-шарттың аясында 100 % жер қойнауын пайдалану құқы­ғын сатып алу жөнінде «Қаз­Мұ­найГаз» ұлттық компания­сы» АҚ-мен келісімге қол жеткізді. Келісімге сәйкес, ҚМГ БӨ төрт ке­лісім-шартты: Темір және Теріскен учаскелерін, Қаратон-Са­ры­қамыс бло­гын және Өзен және Қарамандыбас кен орын­да­рына жақын орналасқан аумақты сатып алады. Қандай да болсын, қиын­дық­тан қашпайтын мұнайшыларға тың ізденістермен жұмыс істеу мүмкіндігі ту­ды. Темір және Теріскен учаскелері Ақтөбе облы­сында «Қазақойл Ақ­тө­бе» және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС активтеріне, сондай-ақ ҚМГ БӨ қы­зы­ғушылығын білдіретін басқа да активтерге жақын орналасқан. Ке­лісім-шарттық аумақтардың гео­гра­фия­лық жағынан қолайлы ор­нала­суы бірқатар басым­дық­тар, оның іш­інде инфрақұ­ры­лым­дық-логистика­лық ба­сым­­дық­тар береді. Өзен және Қара­мандыбас кен орындарына шекаралас аумақ «Өзенмұнайгаз» ӨФ қызмет ай­ма­ғына жақын орналасқан. Қа­ра­тон-Сарықамыс блогы Атырау об­лы­сында, «Ембімұнайгаз» ӨФ қыз­мет аймағында Құлсары кен ор­нының оңтүстік-батысына қа­рай 100 шақы­рым жерде орна­лас­қан. Енді бұл ай­мақтар алып істер алаңына айналмақ. Жоғарыда аталған төрт келі­сім­шарт­ты сатып алу бағасы 40 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Мә­мі­лені қаржыландыру ҚМГ БӨ өз қар­жысы есебінен жүр­гі­зетін болады. Ком­­панияның ал­дын-ала бағалауы бой­­ынша, бар­лық блоктар бойынша геология­лық ресурстар шамамен 1,5 млрд. баррель мұнай баламасын құрайды. Атырау және Маңғыстау об­лыстарындағы «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» ӨФ-нің қолданыс­тағы инфра­құрылым­да­рын пайдалану есебінен барлау операцияларын жүргізу кезінде және одан әрі игеру кезінде күр­делі және пайдалану шы­ғын­да­рын оңтайландыруға көмекте­се­тін айтарлықтай синергетикалық әсер болуы мүмкін. Сатып алы­натын активтер геологиялық барлау жо­ба­лары қоржынының са­па­сын жақсар­тып, табысты барлау жүргізген жағ­дайда, орта мер­зімдік перспективада ком­па­ния­ның қорларын, оның ішінде Өзен және Ембі кен орындары то­бынан алатын қорларды арттырады. ҚМГ БӨ бас директоры Ас­қар Балжановтың айтуынша, атал­ған ке­лі­сім-шарттарды сатып алу жаңа активтерді сатып алу және гео­логия­лық барлау жұ­мыс­тарын қарқындату жолымен ресурстарды арттыру жө­ніндегі компанияның стратегиясын жү­зеге асырудағы кезекті қадам бо­лып табылады. ҚМГ БӨ бұған дейін аталған төрт блокты сатып алу ниеті туралы бірнеше рет мәлімдеген бо­латын, енді, міне, келісімге қол жеткізіп отыр. ҚМГ БӨ барлық акцио­нерлердің мүддесіне жауап беретін перс­пек­тивалық активтерді іздестіруді жалғастырады. Сатып алу ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі мен ҚМГ ҰК Директорлар кеңесімен мақұлданды. Ал қазіргі таңда мем­лекеттік реттеуші органдар­дың мақұлдауы алынды. Реті келгенде атап өту керек, компания соңғы кездері өзінің да­му стратегиясын ойдағыдай жү­зеге асы­рып келеді. Соның бір дәлелі ретінде жақында ғана сатып алынған Федоров блогы. «ҚазМұнайГаз» Бар­лау Өндіру» АҚ Exploration Venture Li­mi­ted компаниясымен «Ural Group Li­mi­ted» компаниясындағы 50 % ак­цияны сатып алу жөнінде келісімге де қол қойған болатын. «Ural Group Limited» Батыс Қа­зақстан облысын­да Орал қала­сының іргесінде және бірқатар қолданыстағы ірі кен орын­да­ры­на жақын орналасқан Федоров блогында көмірсутектерін барлау жүргізу құқығына ие «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің 100 % қатысу үле­сі­нің иесі болып табылады. «Ural Group Limited»-тегі 50 % акцияны сатып алу құны 149,1 млн. АҚШ долларын құрайды және акциялар үшін 61,3 млн. АҚШ долларын және акционерлік займдар бойынша (2010 жыл­дың 1 қаңтары күнгі жағдай бой­ынша) талап ету құқығы үшін 87,8 млн. АҚШ долларын қамти­ды. Мәміленің шарттары бойын­ша, акционерлік займдар ком­мер­циялық өн­діру басталғаннан кейін ҚМГ БӨ пайдасына төленеді. «Урал Ойл энд Газ» 2014 жыл­ға дейінгі мерзімде қолда­ныс­тағы және одан әрі көмірсутегі шикізаттарын өндіруге келісім жасау құқығы бар жер қойнауын пайдалану келісім­шар­тына сәй­кес, Федоров блогында барлау жұ­мыстарын жүргізеді. 2008 жы­лы Федоров блогының аума­ғын­да Рожковское мұнай-газ конден­сатты кен орны табылған бола­тын, қазіргі таңда «Урал Ойл энд Газ» оған ба­ғалау жүргізуде. ҚР Қорлар жөнін­дегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен 2010 жыл­дың соңындағы қор­лар­дың есебіне сәйкес, Федоров бло­гында С1+С2 санаты бойынша ал­ын­ған газ және конденсаттың жалпы қоры 203,4 млн. баррель мұнай бала­масын құрайды. Федоров блогының аумағы арқылы Газпром компа­ния­сының «Орынбор-Батыс Еуропа» магистралды газ құбыры өтеді. Одан бөлек, Федоров блогының жанынан «Аты­рау-Самара» экспорттық магис­трал­ды мұнай құбыры, сондай-ақ Каспий құбыр желісі консор­циуы­мының жүйесі арқылы әл­емдік ры­нок­қа шығуға мүмкіндік беретін «Қа­рашығанақ-Атырау» құбыр желісі өтеді. Аталған блок­­тың үлесін са­тып алу ком­па­ния­ның белсенді да­му­ға тал­пы­нып отырған жаңа ай­маққа шығуын білдіреді. Бұл мәміле ҚМГ БӨ барлау активтерінің қор­жы­нын сәтті толықтырады және белсенді геологиялық барлау есебінен қорлардың артуын жеделдетуге ба­сымдық беріп отырған компа­нияның стратегияларын жүзеге асырудағы кезекті қадам болып табылады. Қара алтын қорын ұлғайтып, көз­деген межеден шығуды мақ­сат еткен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­ді­ру» АҚ Атырау және Маң­ғыс­тау об­лыстарында ғана емес, еліміздің басқа, көршілес аймақ­тарында қар­қын­ды еңбек етуде. 2010 жылы компания алғаш рет шетелдік нарыққа шығып, Бри­та­нияның «Би Джи Групп» ком­па­ниясымен Солтүстік те­ңіздің бри­­таниялық бөлігіндегі White Bear кен орнында барлау-бұр­ғы­лау жұ­мыстарын жүргізген бола­тын. Қа­зір осы жобадағы «Қаз­Мұ­найГаз» Барлау Өндіру ком­па­ниясының үлесі 35 пайыз. Бұдан бөлек, компания Кореяның Korea Gas Co­r­poration компаниясымен бірлесе отырып, бо­лашағынан зор үміт күт­тіретін Ирак­тағы Аққас кен орнында бұрғылау жұмыс­тарын жүргізуге мүмкіндік ал­ды. Сала мамандарының пай­ым­дау­ынша, 2 жоба да компания үшін тиімді. Біріншіден, бұл халықаралық дең­гей­дегі тәжірибе мен қосымша кіріске қол жеткізудің тағы бір амалы. Сатып алынған активтер ком­па­ния­ның геологиялық барлау жо­ба­ла­рының портфелін артты­рады, ал барлау сәтті шығар болса, ком­па­ния­ның жақын бо­ла­­шақ­та алы­нар қор мөл­шерін кө­бей­теді. Бір сөзбен айт­қан­да, са­ла­ны дамыту­да­ғы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өнді­ру» АҚ-ның рөлі өте елеулі, алда­ғы уақыттарда да толай­ым табыс­тарға жете бергей! Зарина АМРАЕВА.