«Головкиндей білікті боксшыны жеңу үшін жүрек жұтқан адам болу керек шығар. Бірақ басымнан өткен қиын жағдайлардан кейін мен қандай сынаққа (Дэниел 2011 жылы ісік ауруына шалдыққан) болсын дайынмын. Қазір ешнәрседен қорықпаймын», – деді 30 жастағы америкалық боксшы.
«GGG-ге қарсы кездесу өмірімдегі ең айтулы жекпе-жек болайын деп тұр. Бұл маған берілген үлкен мүмкіндік. Енді жеңіске жету үшін аянып қалмаспын. Өзіме өзім толықтай сенімдімін», – деді Дэниел Джейкобс.
Айта кетейік, 18 наурыз күні Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында күш сынасады. Қазақстандық боксшы бұл кездесуде өзіне тиесілі WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін ортаға салады. Елімізде бұл жекпе-жекті 19 наурызда «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.