Келісімшарт бойынша «Астана» командасы Срджана Граховацты бір маусымға жалға алды.
Айта кетейік, ол 2016/17 маусымда Австрия чемпионатында 21 ойын өткізіп, 2 гол соққан жəне Еуропа лигасында 9 ойын өткізген болатын. «Рапид» ұжымында 2014-2017 жылдар аралығында 67 ойынға қатысып, төрт гол соқты. Ал ұлттық құрама сапында 6 ойын өткізген.