Аймақтар • 17 Наурыз, 2017

Атырауда 3D фотосуреттер көрмесі ашылды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық кәсіпкер Орынғали Сариев балаларға қуаныш сыйлаудың ерекше әдісін ұсынды. Шаймардан Сариев атындағы облыстық өнер мұражайында өзі салған 3D кескіндегі фотосуреттер көрмесін жасақтады.

Атырауда 3D фотосуреттер көрмесі ашылды

Бір қарағанда ешқандай өзгешелігі жоқ секілді көрінгенімен, фото, бейне камераларға түсіргенде, суреттерге жан біткендей әсер қалдырады. Көрменің тартымды тұсы – мұражайға келушілер экспозицияның бір бөлігіне айналады. Мультфильм кейіпкерлері, туған жер табиғаты, ғаламдағы ғажайып құбылыстар көрсетілген жиырмадан астам сурет балаларды ғана емес, ересектерді де қызықтырды.
– Алдағы уақытта суреттерді алыстағы ауылдарға да апарып, көрсетемін, – дейді Орынғали Сариев. – Бір айдан астам уақыт облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалады. Қызығушылық көп екенін аңғардым, енді осы бағыттағы жұмыстарымды жетілдіріп, тағы да жаңа картиналар салғым келеді.
Жас кәсіпкер бұған дейін Махамбет ауданында жарнама агенттігін ашқан. Енді бизнесін кеңейтіп, заман талабына сай жаңалықтар енгізуге ниетті.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Суретті түсірген
Нұрбейбіт Нұғманов

Соңғы жаңалықтар