Кездесуде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамту бойынша нақты ұсынымдарының орындалуы мен жекелеген мәселелері бойынша жаңа әдіс-тәсілдер әзірлеу туралы хабардар етті.
2016 жылғы 29 желтоқсанда еңбек нарығында қажет болатын кәсіби тәжірибе мен машықтарды игерудің тиімді жүйесін қалыптастыруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдаумен бірге, еңбек делдалының тиімді үлгісін жасауға бағытталған 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қабылданды.
Кездесуде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің нәтижелі жұмыстары, ұсынымдардың барлық тармақтарының орындалғаны, сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту саласындағы жоспарлар мен келешектегі жұмыстар туралы толық және бәрін қамтитын ақпараттар берілгендігі аталып өтілді.
Сенаторлар Ақан Бижанов, Серік Бектұрғанов, Әли Бектаев және басқа да кездесуге қатысушылар талқыланып отырған тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.
Кездесуді қорытындылай келіп, Бірғаным Әйтімова пайдалы әрі нәтижелі әңгіме болғанын, жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты және ондағы жетілдіруді талап ететін жекелеген мәселелер бойынша бірқатар маңызды мәселелер қозғалғанын атап көрсетті.