Қазақстан • 17 Наурыз, 2017

Димаш Singer 2017 байқауының финалына шықты

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген «Singer 2017» жобасының 10-кезеңінде үшінші орынға ие болып, байқаудың финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Singer 2017 байқауының финалына шықты

Димаш бұл кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз әні «Ұмытылмас күнді» шырқаған болатын. Қытайлық hupu.com сайтының мәліметінше Димашпен бірге қытайлық әнші Лин Илиан және қытайлық «Арыстан» тобы ақтық кезеңге шыққан.

Димаш осымен байқаудың барлық іріктеу кезеңін артта қалдырып, соңғы межеге сүрінбей өтті. Финал екі кезеңге бөлініп, соңғы финал тікелей эфирден көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар