Бизнес • 17 Наурыз, 2017

Балабақша бағасы Алматыда арзандап, Астанада қымбаттап жатыр

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпан айының қорытындысы бойынша, бір баланың мектепке дейінгі оқыту мекемесіндегі бір күндік тәрбиесі 767 теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 66 теңгеге қымбат, деп жазады ranking.kz.

Балабақша бағасы Алматыда арзандап, Астанада қымбаттап жатыр

Астанада бір күндік оқу ақысы былтырғыдан 0,7 пайызға қымбаттап, 1731 теңгеге жетсе, Алматыдағы бұл көрсеткіш 9,4 пайызға арзандап, 1454 теңгеге түсті.

Арзандау қарқыны жағынан екінші орындағы Көкшетау қаласында балабақша мен шағын орталықтардың бір күндік қызметі 3,9 пайызға арзандап, 562 теңгені құрады.

Қазақстан бойынша ең арзан балабақша мен шағын орталықтар Тараз қаласында тіркелді. Ондағы баға тәулігіне 518 теңге. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 38,1% артық.

Жалпы, 2016 жылы Қазақстан бойынша балабақша және шағын орталықтар қызметі 29,8 пайызға қымбаттаған.

Ал көрсетілген қызметтің 77,2 пайызы бюджет есебінен төленсе, 22,7 пайызын ата-аналар төлеген, ал 0,2 пайызының құнын кәсіпорындар өз мойнына алған.

Мектепке дейінгі оқыту мекемелерінің меншік түріне келер болсақ, олардың 73,1%-ы мемлекеттік ұйымдар болса, 26,7%-ы жеке меншік компаниялар, тағы 0,2%-ы шетелдік кәсіпорындар. 2015 жылғы статистикада мемлекеттің ұйымдар 76,2 пайыз болса, жеке меншік компаниялар 23,5%-ды құраған еді. Балабақша қызметінің мемлекеттің мекемелерден жеке меншікке ауысуын сарапшылар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасының жемісі деп түсіндіреді.

Жалпы, соңғы үш жылда бизнесмендердің балабақша саласына көңіл аудара бастағаны байқалады. Соңғы үш жылда мемлекет 40 мың орындық 189 балбақша салса, кәсіпкерлер 100 мың орындық 1,3 мың балабақша мен шағын орталықтар салған. Соның ішінде ең көп балабақша ОҚО, Алматы облысы мен Қызылорда облысы.

 

Соңғы жаңалықтар