ҰАТ қатысушыларының 2016 жылғы жинақталған баяндамасының алдын ала қорытындысы мен ҰАТ туралы заң жобасын талқылау отырыстың негізгі тақырыбы болды.
Отырыс барысында Үйлестіру кеңесіне мүшелер ҰАТ-тың ағымдағы жұмысы жайлы ақпарат алды, сондай-ақ, ҰАТ қатысушыларының мониторинг жүргізу жүйесіне және есептерді, арнайы шаралар өткізудің ережелері мен нормалары және бюджеттік әкімшілендірудің нормативтерін бағалауға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Отырыстың нәтижесінде қабылданған Үйлестіру кеңесінің ұсыныстары мен шешімдері жинақталып, ҰАТ мүшелері мен мүдделі тұлғаларға жолданды, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.