Байқауға туризм және қонақ үй бизнесі факультетінің 100-ге жуық студенті қатысты. Іс-шараның мақсаты голландтық туроператорлар арасында Қазақстанның туристік әлеуетін ашып көрсету болды. Байқау шеңберінде Қазақстан жайлы көптеген мәліметтер көлденең тартылып, жоғары деңгейде еліміздің туристік әлеуетінің тұсаукесері ұйымдастырылды және қазақстандық туризм нарығының жағдайы мен даму болашағы таныстырылды.
«Қазақстандағы экотуризм» атты жобаны ұсынған команда байқау жеңімпазы болып танылды. Жобада негізгі мәдени көрікті жерлер, Ұлы Даланың табиғи пейзажы мен ландшафтарының алуан түрлілігі, ежелгі тарихи мұралары мен заманауи архитектуралары бейнеленген.
Іс-шара кезінде экотуризмді дамыту, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау, сондай-ақ, Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің тұсаукесеріне де ерекше назар аударылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.