Әлем • 24 Наурыз, 2017

​Қытайда 1 жылда 13 млн 140 мың жұмыс орны ашылған

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда 2016 жылы 13 миллион 140 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.

​Қытайда 1 жылда 13 млн 140 мың жұмыс орны ашылған

— Өткен жылы Қытайдың экономикалық өсім көлемі 6,5 пайызды құрады. Бұл жақсы көрсеткіш. Қытай коммунистік партиясының басты мақсаты – 2021 жылға қарай елдегі кедейлікті біржола қою. Ол үшін жыл сайын кедейлік шегіндегі он миллионға жуық адамды жұмыспен қамту, әлеуметтік жағдайларын жақсарту жоспарланып отыр,– деді Чжан Ханьхуэй мырза. 

Елшінің айтуынша, Қытай Халық Республикасында жыл сайын 5,5 миллион студент жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына жолдама алады.

Арнұр Асқар, "Егемен Қазақстан"