Әлем • 24 Наурыз, 2017

Қытайда электр қуатынсыз отырған отбасы жоқ - Қытай елшісі

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда барлық елді мекендерге электр энергиясы жеткізілген. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.

Қытайда электр қуатынсыз отырған отбасы жоқ - Қытай елшісі

– Өткен жылы еліміздегі электр энергиясы жеткізілмеген ең соңғы отбасыға электр жеткізілді. Яғни, қазір электр энергиясымен еліміз толықтай қамтылған. Сонымен қата, барлық елді мекендерде мобильді байланыс бар,– деді елші.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қытай коммунисті партиясы елде кедейлікті біржола жоюды басты мақсат етіп отыр. 2021 жылға дейін бұл мақсатқа қол жеткізудің нақты жоспары да жасалған.

Арнұр Асқар, "Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар