Оған Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің он бір облысынан 36 команда, 550 спортшы қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылуында ҚР дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарушы Марат Мықтыбеков пен Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Параламент Мәжілісінің депутаты Абзал Ералиев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың алғашқы күнінде командалық жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде, қыздар арасында бірінші орынды - Қызылорда облысы, екінші орынды - Ақтөбе облысы, үшінші орынды Тараз қаласының құрамалары жеңіп алды.
Ал ұлдар арасында Қызылорда облысының спортшылары жеңімпаз атанса, күміс жүлдені - Тараз қаласы, қола жүлдені Алматы облысының спортшылары еншіледі. Жеңімпаз, жүлдегер командалар кубок және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ертең жекелей салмақ дәрежелері бойынша балуандар татамиға шығады.
Бір айта кетерлігі жас балуандарды ауылдың қонақжай тұрғындары өз үйлерінде күтіп, нағыз қазақы үлгі көрсетуде.