Әлем • 26 Наурыз, 2017

​Англияда газ жарылып, жарақат алған тұрғындардың саны 32-ге жетті

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британияның Ливерпуль қаласының маңындағы Нью-Ферри қаласында болған қайғылы жағдайдан жәбірленгендер саны 32-ге жетті.

​Англияда газ жарылып, жарақат алған тұрғындардың саны 32-ге жетті

Бұл туралы жергілікті жедел жәрдем қызметі Twitter парақшасында мәлімдеді.  

«Оқиғаны жаңарту: 30 адам жеңіл жарақатпен және 2 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды», — делінген хабарламада. 

Бұған дейін The Mirror газеті Нью-Ферри қаласында газ жарылып, 24 адам жәбірленгені туралы хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, жарылыс Қытай рестораны мен би студиясында болып, ғимарат толықтай жанып кеткен. 

Айта кетейік, жарылыс жергілікті уақыт бойынша 21:15- те болған.

Соңғы жаңалықтар