Аймақтар • 27 Наурыз, 2017

Ата-аналар да ағылшын тілін оқып жүр

310 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өскемендегі «Нұр Орда» мектеп-лицейі осындай игі бастаманы қолға алды. Қазір мұнда білім алатын оқушылар ғана емес, олардың ата-аналары да аптасына екі рет ағылшын тілін оқып, үйреніп жатыр.

Ата-аналар да ағылшын тілін оқып жүр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпыұлттық про­греске жете алмайды», деп дүние жүзіне құлашын кең жайған тілді үйренудің маңыздылығын айрықша атап өткен еді.

– Біз ең әуелі оқушылардың ата-аналары арасында сауалнама ұйымдастырып, «егер біз мек­тепте ағылшын тілінен тегін курс ашатын болсақ, келесіздер ме?» деген сұрақ қойдық. Ата-ана­лардың 90 пайызы келе­міз деп жауап берді. Уақыт жағын да сауалнама арқылы анықтадық. Сөйтіп, кешкі сағат 6 мен 7-нің арасында ағылшын тілінен тегін курс өткіземіз деп келістік. Міне, бір айдай уақыт болып қалды. Қазір екі тобымыз бар. Біздің бұл курсты ашудағы мақсатымыз – бала мектепте үйренген нәрсесін үйде де жалғастырса, әрі қарай тереңдетсе, дамытса дейміз. Өкінішке қарай, ата-аналардың 56 пайызы ағылшын тілінен балаларына көмектесе алмайды екен. Өйткені, ағылшын тілін білмейді. Сондықтан оқушының әке-шешесінің тіл үйренгенінен ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық, – дейді мектеп-лицейдің дирек­торы Селман Шимшек.

Оның айтуынша, бұл бастама оқушылардың тіл білу деңгейін көтеріп қана қоймайды, олардың ата-анасымен арадағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал етеді, бір-біріне жақындастыра түседі. Өйткені, қазіргі қоғамда ата-ана мен оқушы арасын­дағы байланыстың әлсіреп бара жатқаны белгілі. Кейбір ата-аналардың баласынан гөрі ғалам­тор мен ұялы телефонға көбі­рек көңіл бөлетіні жайында да аз айтылып жүрген жоқ.

Бұл мектептің оқушыларына да, олардың ата-аналарына да ағылшын тілін үйретіп жүрген мұғалімнің аты – Ровена Габут. Филиппин елінен келіпті.

– «Сен не қазақ тілін, не орыс тілін дұрыс білмейсің. Ата-аналарға ағылшын тілін қалай үйретіп жатырсың?» деп сұ­рай­ды менен бәрі. Таңға­лады. Бірақ үйретіп жатырмын. Тәжі­рибе жүзінде үйретіп жатыр­мын. Ең бастысы, оқушыларыма бұрынғыдан гөрі бір табан жақын­дай түскендей болдым. Өйт­кені, олардың ата-анасын таны­дым. Шәкірттеріме үйде ағыл­шын тілін үйрететін, сөйле­сетін адам табылғанына, берген білімімнің далаға кетпейтініне қуанып отырмын. Ата-аналар да жақсы қабылдап жатыр. Ақырындап сөйлем құрауды үйреніп келеді, – дейді ол.

– Жасыратын несі бар, бала­ларымызға басқа пәндерден көмек­тесіп жүргенімізбен ағыл­шын тіліне келгенде ат-тоны­мызды ала қашатын едік. Енді ­міне, өзіміздің де үйреніп жат­қан жайымыз бар. Баламмен ағыл­­шынша сөйлескім келеді. Сабақ­­тың уақыты да қолайлы. Кеш­­ке жақын балаңды мектеп­­тен алуға келгенде бір сағатың­ды ағыл­ш­ы­нша үйренуге арна­ған­ның ар­тығы жоқ деп ойлай­мын, – дей­ді тегін курсқа қатысып жүр­ген ата-ананың бірі Гүлмира Шәріпханова.

Мектепте жаңа оқу жылынан бастап оқушылардың ойлау, тез ше­шім қабылдау, сабыр сақтау се­кілді қабілеттерін жетілдіру мақ­сатында «Интеллектум» атты екі ка­бинет ашылыпты. Аптасына бір мәрте жүргізілетін пән оқу бағ­дар­ламасына да енгізілген. Шы­ғыс Қазақстан мек­теп­терін­де ал­ғаш рет қолға алынып отыр­ған бұл жоба­ға облыстық білім бас­­қар­­масы қолдау біл­діріп, Өс­­ке­­мен­­дегі «Үміт» бала­лар үйі мен жуық­та ғана мүм­кін­дігі шек­теу­лі балаларға арна­лып ашы­л­ған «Ақниет» интер­нат-мек­те­бінде де осындай екі ка­би­нет аш­ты. Бұл пәнді әзірге 1-6 сы­нып оқу­шы­лары оқып жа­­тыр. Келе­шек­те жо­ғары сы­нып оқу­шы­л­а­рын оқы­ту да жоспарланып отыр.

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН



Соңғы жаңалықтар