Футбол • 27 Наурыз, 2017

​Қазақ футболшысына испаниялықтар назар аудара бастады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің белгілі футбол агенті Дмитрий Селюк жергілікті командаларға Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметті назарда ұстауды кеңес етті. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» басылымы хабарлады.

​Қазақ футболшысына испаниялықтар назар аудара бастады

Қазақстандық футболшы Гранаткин турнирінде ерекше көзге түскендіктен, «Зенит» командасының өкілдері қызығушылықтарын жасырмады. «Зенит-2» ұжымымен бірге жиындарға шақырды.

«17 жастағы қазақстандық ойыншы Гранаткин турнирінде өзін жақсы қырынан көрсетіп, үздік шабуылшы атанды. Есімі ұзақ болғандықтан оны Еркош деп еркелетіп атаймыз. «Зениттің» жастарымен бірге жаттықты. Мұнда да қарап қалмады, төрт гол соға білді. Оған тіпті, испаниялықтар да назар аудара бастады. Сондықтан мүмкіндікті жібермей ресейлік клубтар оны өз қатарына қосуды, тіпті азаматтық беріп, Ресей құрамасына шақыруды ойлауы тиіс», – деді Дмитрий Селюк.

Айта кетейік, Сейдахмет «Зенитпен» бірге Италияда Viareggio Cup турниріне қатысты. Мұнда кезекті ойындардың бірінде бір таймда төрт доп соқты. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиындары кезінде әдемі голымен де көзге түсті. Бірақ ол ФИФА-ның ережесі бойынша 18 жасқа толмағандықтан, питерлік клубпен келісімшартқа отыра алмайды. 

Қазіргі уақытта Еркебұлан Сейдахмет «Тараз» ұжымының ойыншысы атанды. Оның келісімшарты бір жылға жарамды.

Соңғы жаңалықтар