Аймақтар • 27 Наурыз, 2017

...Бүйрегін бөліп салды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде түрлі дертпен көз жұмған адамның бүйрегін донор таба алмай жүрген ауыр науқастарға ауыстырып салу отасы жалғасып келеді.

...Бүйрегін бөліп салды

Жуырда облыстық ауруханада инсульт­тан қайтыс болған 45 жастағы әйелдің қос бүйрегі екі науқасқа салынды. Бұған өмірден өткен әйелдің туысқандары келісім берген. Содан соң осы мәселеге қатысты жасалған сараптамалар шұғыл Алматы мен Астана қалаларына жіберілді. Соның нәтижесінде сараптамалары сәй­­кес келген екі адамға өз кел­ісім­деріне сәйкес ота жасау ұйғарылған. 

– Оның біріншісі 36 жастағы әйел, ал екіншісі 58 жастағы ер адам. Екі бүйрегі де істемейтін бұл науқастар екі-үш жылдан бері гемодиализ орталығында күн сайын ем алып жүрген-ді. Барлық медициналық қоры­тындылар қолымызға тигеннен кейін бір­ден іске кірістік. Ота сәтті өт­ті. Қазір науқастардың жағдайы қа­лыпты деуге болады. Әйтсе де дәрігерлік бақылаулар одан әрі жалғаса береді, – деді облыстық денсаулық сақтау басқар­масының бас хирургі Ерлан Сұлтангереев.

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ


Соңғы жаңалықтар