Медицина • 27 Наурыз, 2017

Орайы келген ота

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейде көнбіс адам өмір бақи бойына біткен кеселмен жүре беретіні бар. Ал егер салмағы 10 келі тартатын ісік болса ше? Ақмола облыстық он­кология диспансерінде Любовь Бодрикованың де­не­сі­не біткен осындай ірі ісікті ке­сіп алып тастау күрделі отасы сәтімен іске асты. Яғни, ота­ның жасалғанына жарты жыл өтсе де гранулематоз ау­ру­­ы­ның біртіндеп жазыла бас­таған белгілері пайда бол­­ды.

Орайы келген ота

Негізінен Любовь Бод­рикова бес жыл бойы дә­рі­гер­лердің есігін тоздырғаннан кейін соңғы үміті ақмолалық он­ко­логтарға жүгініпті. Оң жақ сан етінде пайда болған ней­рофиброма өс­кі­ні 10 келіге же­т­кеннен кей­ін хирургиялық әре­кетке бар­мас­қа амал қал­дыр­маған. Өткен жыл­дың 27 мау­сымында Зеренді а­у­да­ны­ның тұрғынына Ақмола он­ко­дис­пансерінде ота жасалған. Аталған ісікті алып тастау үшін 4 сағаттық ота қажет болып­ты. «Менің ішкі сезімімді сөзбен ай­тып жеткізу мүмкін емес. Шын көңілден облыстық онко­диспансер дәрігерлеріне ризашылығымды білдіремін. Сіздер маған әрбір күннің рахатын сезінуге мүмкіндік бе­р­ді­ң­іздер. Енді мен балаларыма көмектесіп, немерелерімді тәр­биелейтін боламын», дейді Любовь Васильевна ағынан жа­рылып. 

Ақмола онкодиспансер торакаль бөлімінің меңгерушісі Иван Зеленский ота нәтижесіне көңілі толғандығын, десе де ауру қайтып оралмауы үшін салмақ тастап, зат алмасуды жақ­­сарту және жүрек-тамыр ауру­ларын емдеу қажеттігін жет­кізді.


Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы




Соңғы жаңалықтар