27 Наурыз, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жиылып мерекесі бар әлемнің Қазақтың Наурызына тең келер ме?!

Қазақ – қашанда қазақ!

Тойлайды жаңа жылын өзгелер де,

Соларда – ән де, сән де, сердебең де.

Жиылып мерекесі бар әлемнің

Қазақтың Наурызына тең келер ме?!

Ұлыстың ақ баталы тілегі бір,

Соғады бар қазақтың жүрегі бір.

Наурыздың көжесінде ырыс ұйып,

Ынтымақ бақты аялап жүреді кіл!..


Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар