Бизнес • 27 Наурыз, 2017

Атыраулық ару жиһаз шығарумен айналысады

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әсел Иманалиева ұзақ уақыт жиһаз дайындау компаниясында жұмыс істеп, 2012 жылы өз жеке бизнесін ашуға бел буады.

Атыраулық ару жиһаз шығарумен айналысады

Бүгінде «Иманалиева А.Н.» ЖК тапсырысқа ас үй, кеңсе және студиялық жиһаздар дайындап, жиһаздарға арналған фурнитуралар сатумен айналысады.

Кеңсе сатып алу үшін «Альфа-Банкі» арқылы 19 млн теңге көлемінде қарыз алынып, оның 7%-ын мемлекет субсидиялайды. Қордан 1 млн теңге сомасына кепілдік берілді. 5 жұмыс орны құрылды.

Әсел Иманалиеваның айтуынша жиһаз өндірісі үздіксіз заманауи дамуды талап етеді және тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету ғана тұрақты клиенттер санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар