Аймақтар • 27 Наурыз, 2017

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі ауысты

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Байтөле Болатбек Байқонысұлы Қордай ауданының әкімі болып тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі ауысты

Байтөле Болатбек Байқонысұлы 1959 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1980 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «бухгалтерлік есеп», 2001 жылы Қырғыз-Ресей білім беру академиясын «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Қордай ауданындағы Красногор аудандық агроөнеркәсіптік ұйымында аға

экономист болып бастаған. Қордай совхозында, К.Әзербаев атындағы совхоз-техникумында бас бухгалтер (1984-1992 ж.ж.), Қордай аудандық қаржы, мемлекеттік қаржылық бақылау бөлімдерінің (1992-1995 ж.ж.), салық комитетінің (1997-1999 ж.ж.) басшысы, Қордай ауданы әкімінің бірінші орынбасары (1995-1997, 1999-2000 ж.ж.), сонымен қатар коммерциялық ұйымдардың басшысы (2000-2012 ж.ж.) лауазымдарында жұмыс атқарған. 2012-2014 жылдары Қордай ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, 2014-2017 жылдары Қордай ауданындағы «Нұр Бұлақ» шаруа қожылығының қаржы директоры қызметтерін атқарған.


Соңғы жаңалықтар