Жекпе-жек • 27 Наурыз, 2017

Қазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирде 5 медаль алды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Бремен қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық «Мастер Бремен» турнирі өтті.

Қазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирде 5 медаль алды

Жарысқа әлемнің 25 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты. Турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары 1 алтын, екі күміс және екі қола медаль алды.

55 келіге дейінгі салмақтағы финалда екі қазақстандық дзюдошылар белдесті. Нәтижесінде Дәурен Сүйкенов жеңімпаз атанса, финалдағы қарсыласы Қуаныш Жақсылық күмісті місе тұтты. 

Аса ауыр салмақта татамиге шыққан балуанымыз Еркебұлан Абдулла (+100 кг)  финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, финалда қарсыласына есе жіберіп, күміске ие болды. Сондай-ақ, Қайырберді Айдынбай (55 кг) мен Жасұлан Отарбек (60 кг) қоланы қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар