Бокс • 27 Наурыз, 2017

​Келл Брук Головкиннің осал тұстарын анық көрсетті ме?

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес британ боксшысы Келл Брук (36-1, 25 КО) пен оның жаттықтырушысы Доминик Инглдің мәлімдемесіне жауап берді.

​Келл Брук Головкиннің осал тұстарын анық көрсетті ме?

Келл Брук Головкиннің осал тұстарын Дэниел Джейкобсқа анық көрсеткенін айтқан болатын. Ал Доминик Ингл шәкіртінің қазақстандық боксшының бұрынғы деңгейде жұдырықтаса алмайтынын дәлелдегенін алға тартты.

«Жекпе-жек бесінші раундта аяқталды. Оны тоқтатқан мен емеспін, тіпті рефери де емес. Геннадий оны соққыларының астына алумен болды. Бруктың жаттықтырушылары шыдамай ұтылғандарын мойындады. Ары қарай нені айтуға болады? Бруктың өкілдері айқасты тоқтатпағанда ары қарай жалғасар еді. Бірақ оның бүгінде шаршы алаңдағы жолы ары қарай жалғаса ма? Қазір Эррол Спенспен айқасы өтеді деп ойламас та едім», – деді Абель Санчес.

«Адам жеңілгеннен кейін ойына не келсе соны айтумен болады. Тағы да қайталап айтамын, айқасты Бруктың бұрышы тоқтатты», – деді Головкиннің жаттықтырушысы.

Қос боксшының арасындағы жекпе-жек өткен жылдың қыркүйек айында Лондонда өтті. Бесінші раундта Келл Бруктың жаттықтырушылары жеңілгендігі жөнінде шаршы алаңға орамал тастағаннан кейін жекпе-жек тоқтатылды. Бокс кешінен кейін 30 жастағы былғары қолғап шеберінің көзі зақымданғаны әрі тез арада ота жасату керектігі белгілі болды.

Айта кетейік, Бруктың Эррол Спенспен айқасы 27 мамыр күні Англияда өтеді.

Соңғы жаңалықтар