Технология • 27 Наурыз, 2017

Қазақстан компанияларының хакерлік иммунитеттері артып келеді

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айында қазақстандық компанияларға қарсы жасалған кибершабуылдар айтарлықтай азайған. Мұндай мәліметті Check Point Software Technologies Ltd компаниясы ай сайынғы есебінде жариялады.

Қазақстан компанияларының хакерлік иммунитеттері артып келеді

Қазақстан кибершабуылдарға ұшыраған елдердің тізімінде жиырма жеті орынға төмендеді. Жыл басынан бері Қазақстан компаниялары қорғанысты азайтып, нәтижесінде 124 елдің ішінде 46-орынға тұрақтады.

Ең көп шабуылға ұшыраған компаниялар Замбия, Малави мен Камбоджаға тиесілі болып шықты. Ал Черногория, Барбадоса мен Лихтенштейн компанияларына хакерлер аз шабуылдайтын көрінеді.

Ең белсенді зиянды бағдарламалардың тізімінде Kelihos бағдарламасы көш басына шықты. Осы бағдарламадан зиян көрген компаниялар саны кибершабуылға ұшыраған барлық компаниялардың 12 пайызын құрайды. Екінші орындағы зиянды бағдарлама HackerDefender-ге 5 пайыз тиесілі. Ал Cryptowall бағдарламасының зияны тиген компаниялардың саны 4.5 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар