Кино • 28 Наурыз, 2017

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанда тек қана отандық фильмдер көрсететін «Ел Арна» телеарнасы ашылды. Жаңа телеарнада қазақ кинематографиясы алтын қорының фильмдері, осы заман режиссерлерінің танымал туындылары, сериалдар және деректі фильмдер көрсетілетін болады.

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

Телеарна ашылған күні көрермен назарына композитор Шәмші Қалдаяқов жайындағы «Ән аға» сериалының 1-ші эпизоды, «Құрақ көрпе» лирикалық комедиясы көрермен назарына ұсынылады. "Алтын қорымызды ұрпақ игілігіне жаратуды көздеген жаңа арнаны біз елдің арнасы болсын деген ниетпен "Ел Арна" деп атадық. Жаңа телеарна бүтін бір буынға әсер еткен Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаев, Сұлтан Қожықов сияқты майталмандардың туындыларын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насиxаттауға тамаша мүмкіндік береді. Сонымен қатар біздің мақсатымыз - білім, ғылым мен өнер саласына арналған деректі фильмдер мен танымдық бағдарламалардың көрерменге барынша қолжетімді болуына ықпал ету, еліміздің ақпараттық кеңістігін өз туындыларымызбен қамту. Бұл арнаның ашылуы кино саласындағы жас мамандар үшін де үлкен қолдау деп білемін. Енді, олардың шығармалары xалықтың назарына кеңінен ұсынылатын болады", - деді жаңа телеарнаның ашылу салтанатында сөйлеген Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. 

Ведомство басшысы көрерменнің бұл жобаны көп күткенін айтты. «Бұған әлеуметтік желіде жазылып жатқан пікірлер, министрлікке еліміздің жер-жерінен келген хаттар және баспасөздің бұл мәселеге назар аударып отырғаны дәлел. Жаңа телеарна көңілдеріңізден шығарына сенімдімін» деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар