Қазақстан • 28 Наурыз, 2017

Мәслихаттарға 57 депутат сайланды

264 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос пен Комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен 2017 жылғы 26 наурызда болған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы брифинг өткізді.

Мәслихаттарға 57 депутат сайланды

Владимир Фоостың ха­бар­дар етуінше, сайлау заң­намасына сәйкес респуб­ликаның 12 өңірінде мәсли­хаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 57 депутатты сайлау болды. Сай­­лауды ұйымдастыру мен өткізуге 13 облыстық, 9 қа­­лалық, 36 аудандық, 58 ок­­ругтік, 355 учаскелік сай­лау комиссиясы жұмыл­ды­рыл­ған. Науқан барысында бар­лығы 201 кандидат ұсы­нылды. Олардың 50-і об­­­лыстық, 32-сі қалалық және 119-ы аудандық мәс­ли­­­хат­­­тар­ға дауысқа түскен. Үміт­­­кер­лердің 62-сін саяси пар­­тия­лар, ал 139-ы өзін өзі ұсынған. 

«Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың де­пу­таттығына кандидат­тар ретінде 188 адамды тіркеді, − деді ОСК төрағасының орын­басары. − Сайлау бюл­летень­деріне 170 канди­дат­тың тегі енгізілді, депу­тат­тық мандатқа орташа бәсе­ке­лестік шамамен үш үміт­кер­ден болды, 330 сайлау учас­кесінде дауыс беру өткізілді. Сайлаушылардың келуі 77,83 пайызды құрады. Дауыс беру қорытындыларына сай 12 облыстық, 9 қалалық жә­не 36 аудандық мәслихат де­пу­таты сайланды».

Орталық сайлау комис­сиясының мүшесі Ләззат Сү­лейменнің айтуынша, дауыс беру барысы мен дауыс­тарды санау рәсімін байқау­ды кандидаттардың 398 сенім білдірген адамы, саяси пар­тиялардың – 289, қоғам­дық бірлестіктердің – 34 және БАҚ-тардың 51 өкі­лі жүзеге асырған. Сайлан­ған мәслихаттар депутат­тары­ның құрамында 46 ер адам және 11 әйел бар. Орташа жас­тары – 46,5. «Ең жас депутат (22 жас) Қарағанды облы­сының Бұқар жырау ауданы №1 сайлау округінде, ең үл­кені (64 жас) Тараз қала­сы мәслихатының №22 сайлау округінде сайлан­ды. Сайланған депутат­тар­дың 54-інің жоғары білі­мі, 3-еуінің арнаулы орта білімі бар. Сайлау науқаны сай­лау заңнамасы нор­мала­ры­ның талаптарына сәй­кес өтті. Сайлау кезінде Орт­сайлаукомға 3 өтініш келіп түсті», − деді Л.Сүлеймен.

Брифинг өткізушілер бір округте не себептен сайлау өтпегенін де айтып берді. Олардың сөздеріне қара­ғанда Оңтүстік Қазақ­стан облысының №11 сай­лау округі бойынша мәс­ли­хаттың шығып қалған депу­та­тының орнына өтетін сай­лауда бір кандидат қана қалды. Сайлау заңнама­сының кемінде 2 канди­дат­тың бәсекелестігі қағида­тының сақталуына байланысты аталған округте сайлау болған жоқ. Бұл округте сайлауды өткізу туралы шешім республиканың сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданады.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан» 


Соңғы жаңалықтар