Кездесу барысында тараптар түрлі салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. С.Нұртаев өз кезегінде Қазақстанның Мальтамен сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Қазақстандық дипломат, сондай-ақ, екіжақты байланыста туризм және білім салаларының алар орнын атап көрсетті.
Сонымен қатар, С.Нұртаев Қазақстандағы саяси және экономикалық оң өзгерістер жөнінде, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысы тұрғысында және еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның халықаралық бітімгершілік бастамаларына да назар аударды. Бұдан бөлек, елші «Нұрлы жол» бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инвестициялық климатты жақсарту, жекешелендіру мәселелеріне тоқталды.
Мальта Президенті Мари-Луиз Колейро Прека өз кезегінде екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тілектестігін білдіре келіп, Мальтаның Қазақстанмен түрлі салалар бойынша қарым-қатынас орнатуға дайын екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, ол Еуропалық Кеңестің іс басындағы төрағасы (2017 жылдың қаңтар-маусым айлары) болып саналатын Мальта Республикасының Президенті ретінде екі ел қатынасын Қазақстан-Еуропалық одақ байланыстары желісінің аясында дамытудың маңыздылығын сөз етті.