28 Наурыз, 2017

​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

150 рет
көрсетілді
23 мин
оқу үшін

Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы

​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2017 жылғы 24 қаңтар                 №13                      Астана, Үкімет Үйі

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-ба­бының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы 24 қаңтардағы №13 қаулысымен бекітілген


Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі - Ұлттық баяндама) әзірлеу үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұйымдастырады.

2-тарау.

Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың ақпарат ұсыну тәртібі

3. Уәкілетті орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтарында Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсыну туралы мемлекеттік органдарға сұратулар жібереді.

4. Мемлекеттік органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсынады.

5. Ақпарат материалдармен (кестелер, диаграммалар, сызбалар, суреттер) толықтырылған талдамалық жазбахат түрінде қалыптастырылады және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) ұқсас өткен кезеңмен салыстырғанда ағымдағы ахуалды талдау (қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамаларының серпіні, антропогендік эсер, ақпарат көзі көрсетілген статистикалық, сараптамалық, ғылыми және өзге де ақпарат);

2) экологиялық проблемалар және оларды шешудің ықтимал нұсқалары;

3) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына шолу;

4) шешімдер қабылдау үшін негізгі қорытындылар, ұсынымдар және болжамдар.

6. Уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтауды, қорытуды, талдауды ұйымдастырады.

7. Уәкілетті орган қарауға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей ақпаратты қарайды, ескертулер болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға қосымша сұрату жібереді.

Мемлекеттік органдар уәкілетті органнан қосымша сұрату алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде ақпаратты пысықтайды және оларды уәкілетті органға жібереді.

8. Ақпарат мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ұсынылады, электрондық құжаттың қағаз көшірмесі талап етілмейді.

9. Электр энергетикасы, атом энергиясы, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдалану, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау саласындағы уәкілетті орган:

1) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі;

2) өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару;

3) парниктік газдардың және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;

4) климаттың және Жердің озон қабатының мониторингі;

5) жойылуы қиын органикалық ластауыштар;

6) мемлекеттік экологиялық бақылау;

7) мемлекеттік экологиялық сараптама;

8) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;

9) міндетті экологиялық аудит;

10) міндетті экологиялық сақтандыру;

11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер;

13) жаңартылатын энергия көздері;

14) су пайдалану объектілері мен әуе кеңістігі мониторингі бойынша деректерді қоса алғанда, бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағын радиоэкологиялық зерттеу;

15) электр энергиясын өндіру мен тұтыну және олардың серпінін талдау;

16) электр станциялары отынының шығыны;

17) энергия сыйымдылығын төмендету жөнінде ақпарат дайындауды ұйымдасты­рады.

10. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

1) орман қорының жалпы сипаттамасы;

2) ормандар және өзге де орман көмкерген жерлердің жалпы алаңы;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы орман алаңы;

4) орман заңнамасы саласындағы бақылау;

5) ормандарды молықтыру мен орман өсіру (орманды қалпына келтіру);

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалануға рұқсат жөніндегі ақпаратты ұсынады.

11. Жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

1) жануарлар дүниесінің жалпы сипаттамасы;

2) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің

саны;

3) жануарлардың жекелеген түрлері санының өзгеру үрдісі;

4) аңшылық шаруашылықты дамытудың негізгі проблемалары;

5) балық шаруашылығын дамытудың негізгі проблемалары;

6) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау;

7) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданысы аясындағы жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерін сату жөніндегі ақпаратты ұсынады.

12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (қорықтар, табиғи резерваттар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар, өңірлік парктер, табиғат ескерткіштері, қаумалдар мен қорық аймақтары) алаңы;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау жөніндегі ақпаратты ұсынады.

13. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасындағы жердің жай-күйі және оны пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.

14. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ақпаратты ұсынады.

15. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік

орган:

1) республиканың минералды-шикізат базасының жағдайы және негізгі проблемалары;

2) жерасты суларының есебі;

3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы бақылау жөніндегі ақпаратты ұсынады.

16. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің нәтижелері бойынша ақпаратты ұсынады.

17. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік

орган:

1) ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша өткізілген іс-шаралар;

2) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі;

3) бидайдың шығымдылығы жөніндегі ақпаратты ұсынады.

18. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы халықтың жан басына шаққандағы тұрмыстық су тұтыну жөніндегі ақпаратты ұсынады.

19. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік

орган:

1) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алудың, су объектілерінің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері;

2) су қорын пайдаланудың негізгі проблемалары;

3) су қорын пайдалану және қорғау саласында өткізілген тексерулердің саны жөніндегі ақпаратты ұсынады.

20. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

1) «Байқоңыр» кешенінің ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне ұшыраған аумақтарға мониторинг нәтижелері;

2) Ғарыш мониторингі нәтижелері жөніндегі ақпаратты ұсынады.

21. Білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган экологиялық білім беру және тәрбиелеу жөніндегі ақпаратты ұсынады.

22. Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі ақпаратты ұсынады.

23. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

1) пайдаланылатын отынның түрлері бойынша бөліністегі жол механикалық көлік құралдары паркінің құрамы;

2) жол механикалық көлік құралдары паркінің орташа жасы жөніндегі ақпаратты ұсынады.

24. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың (астананың) жергілікті атқарушы органдары:

1) жер ресурстары;

2) жерлерді алу;

3) қалдықтар: қалдықтар түзілуінің негізгі көздері және олардың қысқаша сипаттамасы; жинақталған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі (өнеркәсіп саласы, қалдық түрі); жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі; қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу; қалдықтарды полигондарда орналастыру; қоқысты санитариялық сақтау; халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен қамту;

4) 2, 3, 4-санаттагы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама;

5) 2, 3, 4-санаттагы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;

6) өңірлерді газдандыру жөніндегі ақпаратты ұсынады.

25. Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін уәкілетті орган қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға қосымша сұрату жіберіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қосымша ақпаратты сұратады.


_______________________________________________________________________



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


2017 жылғы 25 қаңтар             №15                 Астана, Үкімет Үйі


Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017жылғы 25 қаңтардағы №15 қаулысына қосымша


Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі


1. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №23, №323-құжат).

2. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту және «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы №817 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №57, №792-құжат).

3. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №44 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №12, 222-құжат).

4. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы №467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №32, 486-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 және «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы №1188 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №62, 864-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі №322 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №26, 210-құжат).

7. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы №1065 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №61, 571-құжат).

8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №1283 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №79, 678-құжат).

9. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №294 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №24-25, 152-құжат).

10. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы №844 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №53-54, 431-құжат).


________________________________________________________________________



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


2017 жылғы 26 қаңтар              №17               Астана, Үкімет Үйі


«Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының 2014-2016 жылдарға арналған жылдық ставкаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


_______________________________________________________________________



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


2017 жылғы 26 қаңтар                №19              Астана, Үкімет Үйі


«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №977 қаулысына өзгеріс енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №977 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №54, 765-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларда, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарда:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Шектес мемлекетпен өткізу пунктін орнату мәселесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі келіседі, одан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен тиісті келісімдердің жобаларын әзірлейді.

Осы тармақтың талаптары теңіз және әуе (авиациялық) өткізу пункттерін орнату мәселесін қарау кезінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


_______________________________________________________________________



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


2017 жылғы 26 қаңтар             №20             Астана, Үкімет Үйі


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша өкілеттіктер беру туралы


«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік әріптес ретінде білдіруге өкілеттік берілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


Соңғы жаңалықтар