Аймақтар • 31 Наурыз, 2017

Қалбатауда Қалиханға ескерткіш қойылады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Даңқты батырлар, әйгілі ақын­дар мен әншілердің елі Жарма ауда­нында биыл бір емес, бірнеше мерейтой. Қазақ­тың суырыпсалма ақыны Қалихан Алтынбаевтың − 90, Қа­зақстанның халық жазушысы, ақын Тұрсынхан Әбдірах­манованың 95 жылдығын туған топырағы атаусыз қалдырмай, атап өтеміз деп отыр.

Қалбатауда Қалиханға ескерткіш қойылады

− Алаштың аяулы ақындары Қалихан Алтынбаев пен Тұрсын­хан Әбдірахманованың мерейтойларына орай, бірқатар іс-шараларды жоспарлап отырмыз. Аудан орталығы − Қалбатауда айтыскер ақынның құрметіне аллея ашып, ескерткішін қойып, республикалық ақындар айтысын өткізу ойымызда бар, – дейді ауда­н әкімі Нұрлан Сыдықов.

Сонымен қатар, аудан басшысы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай Жарма ауданы­ның Әуезов кентіндегі бір көшеге тұлғаның есімін беріп, мүсі­нін орнату­ды жоспарлап отырғандарын айтты.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы



Соңғы жаңалықтар