Парламент • 03 Сәуір, 2017

Күн тәртібі нақтыланды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Күн тәртібі нақтыланды

Осыған орай депутаттар алдағы сәрсенбіде бірқатар заң жобаларын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде. 

Олар зияткерлік меншік сала­сын­дағы заңнаманы жетілдіру мә­селелеріне, сонымен бірге, электр энер­гетикасы мәселелері бойынша тү­зетулерге қатысты болмақ.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжіліс әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне арналған маңызды заң жобасын жұмысқа қабылдайды деп күтілуде.

Осы заң жобасы бойынша түсіндірме жазбада айтылғандай, үстіміздегі жылғы шілдеден бас-

тап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін өсіруді қамтамасыз ету үшін арттырылады.

Сондай-ақ, 2017 жылы бала тууы­на байланысты жәрдемақы кө­лемін 20 пайызға арттыруды қам­тамсыз ету бойынша заңнамаға өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу көз­делуде.

Бюро отырысында сәуір айында  Алматы қаласында Халық­ара­лық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысын өткізу туралы мәселе де қарастырылды.