23 Сәуір, 2011

Жауапты шақтың жүгі ауыр

509 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін
НЕМЕСЕ БІЗ ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ? «Шынайы елжандылық барлық жеке бастық қарым-қатынастар мен мүдделерден жоғары». Н.Добролюбов. _____________ ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп жатқан қазақстандықтар ауыз­бен айтып жеткізгісіз орасан зор мәні бар тарихи оқиғаның куәсі болды. Ол – Қазақ елінің, Қазақ­станның өз тәуелсіздігіне қол жет­кізуі. Бұл кез келген ұрпақ­тың басына қона бермейтін ба­қыт. Өйткені өз елінің, өз хал­қы­ның дербес мемлекет болып, дүние жүзіндегі өзге елдермен бір қатарда тұрып, атын айдай әлемге танытуын көру өз елін құр­меттейтін әр адамның б­о­йы­на орасан мақтаныш сезімін ұя­ла­татын айрықша құбылыс. Сан ғасырлар бойы азат болуды аң­са­ған қазақ жұрты бүгінде осын­дай ерекше кезеңді бастан кешуде. Бірақ, біздің кейбір ағайын­дар ойлайтындай, қуаныштан бөрікті аспанға атумен немесе қара бастың қамын күйттеп, байлық пен мансап қуумен іс тәмам десек, үлкен қателесеміз. Түсіне білген адамға тәуелсіздік тек қуаныш әкеліп қана қой­май­ды, сонымен бірге, сол елдің халқына аса зор жауапкершілік те жүктейді. Ол – тәуелсіздікті нақты істермен нығайту, еліңнің өзгелерден қалып қоймауы үшін оны өркендету жолында аянбай еңбек ету, ата-бабалардың орын­дал­ған арманы мен күні ертең-ақ бүгінгі буын салған жолмен жүретін келер ұрпақ алдында адал болу үшін күш салу жауапкершілігі. Бір сөзбен айтқанда, халық алдында, тарих алдында ұятқа қалмау жауапкершілігі. Өкінішке қарай, дәл қазіргі таңда бой көрсетіп жатқан кейбір көріністерге қарағанда жұрт­тың бәрі бірдей өздеріне жүк­тел­ген жауапкершілікті жете сезініп, сол тұрғыда іс атқарып жа­тыр деуге ауыз бара қойм­ай­ды. Мұндай кү­мәнді ой, әсіресе, қолдарында аз­ды-көпті билігі мен байлығы бар ағайындарға қатысты мүлде қою­лана түседі. Өйткені, қандай да бір қатты қайырым жасап, елдің жүгін атан түйедей арқалау мүмкіндігі де солардың қол­да­рында. Қара­па­йым халыққа қояр кінә жоқ. Бұрын-соңды бастарына түспе­ген нарық заманы қиыншы­лық­тарының жан-жақтан қыспақ­қа алғанына қара­мас­тан олар хал-қадерінше еңбек етіп, ел дамуы­на белгілі бір үлес­терін қосып та жүр. Бірақ олардың қол­дары­нан келері мардымсыз. Сон­дық­тан да қатардағы жұрттың көр­сет­кен күш-қайраты көзге онша­лықты көріне бермейді, кейде ар­шындап қадам жасауға да олар­дың қауқар­лары жетпей жа­тады. Оның үсті­не, бірде жағ­дайды түсіндіріп, енді бірде қол­дауын білдіріп, дұрыс жолмен алға бастайды деп үміт артқан басшылардың біразы өз бас­тарымен әлек. Көпшілік халық екі қолға бір жұмыс таба алмай, отбасымды қалай асыраймын деп қи­налып жүргенде, елге бас-көз болады деген ше­неуніктердің бір­неше қа­батты коттедждер салып, әйе­лі мен бала­ларына бас-басына автомашина әперіп, жыл са­йын шет елдерде дем­алып, алшаң басып жүруі қарапайым халық үшін көзге шыққан сүйелдей әсер етуде. Жас мемле­кет­тің әлі де болса қа­быр­­ғасы бекіп, қа­наты қатая алмауы салдарынан жұрт­тың көбіне жұ­мыс табыл­май, үйлер мен жол­дар жеткілікті дә­режеде салын­бай, еңбек­ақылар мен зейнет­ақы­лар ойла­ған­дай дең­гейде өспей тұрғанда осы­лар­­­дікі не же­лік деп ой­лай­ды қалың қауым. Тіпті, сон­ша­лық оңды-сол­ды шашатындай бай­лық оларға қайдан келіпті, әке­лері мұраға қалдырып кетіп пе екен деушілер де жоқ емес. «Ха­лық айтса, қалт айтпайды» демекші, тыңдап отырсаң сөз­де­рі нақа қисынсыз да емес сияқты. Дегенмен, осындай өкпе-ре­ніштердің көбейіп кетуінің түп-төркіні тіпті шенеуніктеріміздің байыған үстіне байи түсуінде де емес, сондай тамаша жағдайда өмір сүріп жатқан отандас­тары­мыздың халық үшін қайырылып, елі үшін еңбек етуді өзіне міндет деп санай бермейтінінде жатса керек. Бұқараның орынды нара­зы­лы­ғын туғызатын да осындай оспа­дарлыққа ұқсас қылықтар. Егер қолдарында билігі бар аза­мат­тары­мыз өздеріне сеніп тап­сырылған міндетті кешегі партбилетті алып қоюмен қорқытатын кеңестік кездегідей адал орындап, мемлекет мүддесі үшін, қайталап айтайын, халық емес, мемлекет мүддесі үшін лайықты жұмыстар жүргізіп жатса, халық та дәл қазіргідей шенеунік атаулыдан теріс айнала қоймас еді. Өйткені, мемлекеттің жағдайы жақ­сар­са, онда өмір сүріп жатқан адам­дар­дың жағдайының жаман болмай­тыны баршаға да белгілі жәйт. Осы ретте назар аударуға тұ­рар­лық бір ой да туындайды. Қол­дарында билігі немесе қар­жы­сы бар бүгінгі басшылық өкіл­дері сол мүмкіндіктерді пайдал­а­нып өз мә­селелерін кез келген уақытта және кез келген жағдайда шеше алады. Бірақ өмірдің бір орнында, бір қа­лып­та тұра беретініне кім­нің көзі же­тіпті? Күні ер­тең жа­ңағы мық­ты­лардың бала­лары, бол­маса немерелері өмірде өз­дері­нің әкелері мен аталары негіз қалап кеткен жөнсіз­діктерге ұшы­расып, жағалай жай­лаған тәр­тіп­сіз­діктер салдарынан мәсе­ле­ні шешудің қалыптасқан өр­ке­ниетті жолының болмауы себепті небір кедергілерге кездесіп, қина­лып жатса ше? Тоғы­шарлыққа са­лы­­нып, тойған­дарына мәз бол­ған кейбір ағайын­дарымыз осы жө­нін­де ойланып көріп пе екен? Өк­шелеп келе жатқан өске­лең ұр­пақ­тан қар­ғыс естімей, ал­ғыс есту үшін тын­дырар іс те сон­ша­лықты ауыр емес. Бар бол­ғаны жал­пыға ортақ тәртіп орнатып, мәселенің бәрі та­мыр-та­ныс­тық­пен емес, заң жүзін­де, жүйе-жүйесімен шешіліп жата­тын­дай жағдай ту­ғызса болды. Мем­лекет­тілікті ны­ғайту тікелей мін­деттері болып табылатын шенеуніктерге жүкте­лер жауапкершілік те осы. Егемен ел болдық деп тыным­сыз той-томалақтар өткізіп, одан қол босаса «ананы өйту керек, мынаны бүйту керек» деп белсене сөз сөйлеп, жағалай азан-қазан болғаннан мемлекеттің іргесі бекімейді. Біздің кезектесіп бір-бірі­мізді мақтауымыздың да, та­мыр-таныстарымызға қызмет пен атақ­тар әперіп, алашапқын бо­луы­­мыз­дың да ел ертеңіне тигізер септігі жоқ. Атақ-даңқ үшін емес, шаңы­ра­ғын іліп, уығын енді ғана қа­дап, қабырғасын қатайтып жат­қан елдің ертеңі үшін, бүгінгі өс­келең ұрпақ пен келешекте дүние есігін ашатын ізбасарлары­мыз­дың аға буынға алғысын айта отырып, өзге елдердегі замандас­тары­нан кем болмай, бақуатты өмір сүруі үшін еңбек ету елге де, азаматқа да абырой әкелер іс болар еді. Өйтпеген күнде, басқаны былай қой­ғанда, өзіміздің бала-шаға­лары­мыз бен немерелері­міз­дің ата­лары мен әкелерінің жүріп өт­кен, өнегелі деп айтуға келмейтін, ойпаң-тойпаң іздеріне қарап тұрып, осылар өздері не бітірген деп бастарын шайқамасы­на кім ке­піл? Олай деуімізге себеп, бү­гін­гілердің салған жолы тегіс те жайлы болса, кейінгі ұр­пақтың жүруіне де жеңіл болмақ. Еуропа мен Шығыстың кейбір елдерінде өмір сүріп жатқан адамдар қазіргі жайлы тұрмысты бүгін орнатқан жоқ. Олар бар болғаны, өздерінің алдындағылар жасап бе­ріп кеткен өркениеттің игілігін көруде. Осыдан жиырма жылдай бұ­рын болған оқиға есімнен кетпейді. Ол уақытта мен облыс орта­лы­ғында қызмет істеймін. Кеңес ода­ғы тарап, жағалай жұмыс­сыз­дық жайлап, елдің экономикасы күрделі күйзелісті бастан кешіп жатқан шақ. Соған қарамай, об­лыстағы үлкенді-кішілі басшылар бас-басына үр жаңа «Волга» (ол кезде шетелдік автокөліктер әлі де кең тарай қоймаған) автома­ши­насына мініп алды. Тек «Алаугаз» аталатын облыстық мекеменің бас­шысы ғана халық «пирожковоз» атап кеткен ескілеу «Москвич» кө­лі­гімен жүрді. Бір күні бір таны­сым көшеде өтіп бара жатқан жа­ңағы басшыны көрсетіп: «Қара да тұр, мынаны көп ұзамай қызметі­нен алып тастайды», деді. Мен әуелде түсінбей қалып, «Немене, бірдемені бүлдіріп тастап па?» деп сұрадым. Жоқ, деп жауап берді әлгі жолдасым, өзге бастық­тар­дың бәрі «Волга» мінгенде жал­ғыз осы ғана ескі машинамен жүр, сол үшін алып тастайды. Ең қы­зығы, көп ұзамай әлгі бас­шы­ны расымен де жұмысынан бо­са­тып, орнына басқа адамды қойды. Ал ол болса келген бетте жаңа «Волгаға» отырды. Соның сал­дары ма, әлде өзгедей бір себеп болды ма, әйтеуір бастық өзгері­сі­мен тұрғындар «көгілдір отын­нан» таршылық көре бастады. Таң­қаларлығы, осыған ұқсас жәйт­тер әлі күнге дейін жалғасып келеді. Мәселен, Қазақстанда жап-жақсы шетелдік автомашиналар құрас­ты­рылуда. Бірақ, жоғары лауа­зым­ды басшылардың бір де бірі оларды менсінбейді. Егер отан­дық тауардың өтуіне, сөйтіп ел қазынасына қаржы құйылуына мүд­делі саналатын басшы азаматтар бірыңғай «мерседестерге» көз тіге бермей, оларды қызметтік көлік ретінде болса да сатып алып, өзгелерге үлгі көрсетпесе, ол автомашиналарды несіне құ­рас­тырып жатырмыз? Осындай се­бептерден болар, елде құрас­тырылған автокөліктердің өтімді­лігі де онша болып тұрған жоқ. Оған құрылғанына тоғыз жыл болған «Азия авто» кәсіпор­ны­ның осы уақыттар ішінде 25 мың ғана автокөлік шығарғаны айғақ. Біреулерді кінәлаудан немесе жамандаудан аулақпыз. Бірақ ел үшін ұйқысын бұзып, қазақ деген халықтың да дамыған елдердің жұртындай тоқшылықта өмір сү­ретін кезі келді ғой деп ты­нымсыз еңбек етіп, маңдайлары терлеп жүрген азаматтар көзге көп түсе бермейді. Бұл –көпшіліктің пікірі. Неге екенін білмеймін, кешегі өзі­міз іске алғысыз қылып таста­ған кеңестік кезде басшылардың ха­лық арасында айтарлықтай беделі бар болатын. Оның себебі, ол за­мандағы билік тұтқасын ұстаған­дар­дың қолдарында қаржылары, басқа да мүмкіндіктері болып, ха­лықтың мұң-мұқтажына белгілі бір дәрежеде қараса алғанды­ғын­да да шығар. Бүгінгі басшы­лар­дың біздің сендерге береріміз жоқ, өздерің тірлік жасаңдар деп қарап тұратыны да шындық. На­рықтың осы бір қаты­гез заңына біздің ағайындар үй­рене алмай-ақ қойды. Содан да, ше­неуніктер ту­ра­лы әңгіме қозғала қалса, «жақ­сы­лығы жеке бастары­нан артыл­май­тын соларды қой­шы», деп қол­дарын бір-ақ сілтейді. Содан да қазіргі шақтың шенеуніктерін халық арасында беделді деп айта алмайсың. Қанша нарық дегенімізбен, егер талпынып көрсе, көп­шіліктің қошеметіне бөлену де соншалық бір қиын міндет емес. Ол үшін, бар болғаны, адамдармен жылы сөйлесіп, өтініш-тілек­терін мұқият тыңдап, материал­дық жа­ғы­н­ан реті келмеген кезде, мо­раль­дық тұрғыда ақыл-кеңес­терін беріп, шынайы жанашыр­лық таныт­са, халық та қатып қал­ған тас емес, жібір еді. Ара-тұра ретін келтіріп қолтығынан де­меп жіберіп жатса, жүдеген жұртқа соның өзі де үлкен жұба­ныш. Іс жү­зінде олай бола алмай отыр. Од­ан-бұдан жымқыр­ған­дарына мас­танып, шіренген шенеуніктер қара халықпен сөйлесудің өзін ауыр бейнеттей қабылдайды. Сондық­тан тұрғындарға жақын­да­мауға, қарамағындағы адамдармен сөй­лес­пеуге тырысады. Ел тағ­ды­ры үшін алаңдауды білмейтіндер де дәл осындай безірейген таске­рең­­дер. Халықтың кімге барып кө­мек сұрарыңды, кімге барып ша­­ғы­на­рыңды білмейсің деп рен­жуі­не де осындай жағдайлар себеп. Осылай деу арқылы біз елде жібі түзу бір де бір басшы жоқ де­ген сөзді айтпақ емеспіз, әри­не. Шү­кір, хал-қадерінше қызмет етіп, есімдері ел аузына ілініп жүр­­­­­ген азаматтар бар. Халық «бар­­­­ған жеріне жан бітіреді, жұ­мыс жүре бас­тайды», деп сол бая­ғы Тас­ма­ғам­бетовті мақтай­ды. Ара-тұра алыс­тан Сағын­дықов об­лыс эко­но­мика­сын өрге бас­тыр­ды деген сөздер естіледі. Сол сияқ­­ты, Мыр­зах­метов мықты екен, Көшербаев­ қа­шан­дағысын­дай көшелі деушілер де жоқ емес. Осы санатқа Із­мұ­хам­бетов пен Бо­зымбаевты қос­қысы келіп жүр­гендер де бар. «Егемен Қа­зақ­стан» газетінің тілшісі жа­қында Қы­зылорда облы­сының әкімі Қуан­­дықовтың қы­рық­тан астам ауылды машинамен аралап, ха­лық­тың тұрмыс жағ­да­йын көзі­мен көргенін, жол­­дың нашарлы­ғы­нан қуатты деген шетелдік автокөлік­терің­нің өзі ба­тып қал­ған кезде әкім­нің машина итергеніне дейін жазды. Осындай  игілікті істер әр әкімнің жұмысы­нан да табылатын болар. Біздің ойымыз солар көбейе берсе екен дегендік. «Жақсы сөз – жарым ырыс». Дегенмен, ұлан-ғайыр же­рі бар Қа­зақ­стан үшін саусақ­пен са­нар­лық­тай ғана бас­шы­лар­дың ауызға ілінуі аздық ететін сияқ­ты. Алда-жалда жеке басының абы­ройы мен өзіне құзырлы қыз­мет ұсынып, «хан» қылып төбесіне көтеріп отыр­ған мемлекет мүд­де­сі үшін аян­бай еңбек ететін шенеуніктер қатары кө­бейіп жатса, илеуін келтірмек болған істеріміз­дің қазіргі­ден гөрі әлдеқайда әлеует­тене тү­сері­не де еш күмән жоқ. Біз өзі қызық халықпыз. Кейде біреулердің «түрткілеуіне» ереміз деп жүріп нағыз жұмыс істейтіндерді жақтырмай қала­тын кездеріміз бар. Мәселен, кешегі кеңестік дәуірде мемлекет үшін, өзі мүшесі болып табы­ла­тын партия үшін адал қызмет атқарған адамдарды «партократтар» деп кінәла­дық. Жәй ғана кі­нәлап қой­май, жер-же­бір­­лері­не жеттік. Нәтиже­сінде бүгін партократтар да жоқ, терлеп-тепшіп еңбек ететіндер де күрт азайды. Ендігі жерде ешкімнің де жұрт­тан сөз ес­тіп, босқа арам­тер бол­ғы­лары келмейді. Белсенді атан­бай, тыныш қана жүр­генді жөн көреді. Бұ­рын «орындаушы­лық тәр­тіп» деген қа­лып­тасқан тіркес те бар еді. Ол кез келген деңгейдегі қызмет­кердің өзі­не тапсырған жұ­мысты дұрыс орын­­дап шығуы дегенді білдіретін және белгілі бір дәрежеде солай болуы талап етілетін. Әр­кім ойына не келсе соны істейтін на­рық зама­ны кезінде оның да керегі болмай қалды. «Нұр Отан» партия­сы­ның ХІІІ съезінде сөйле­ген сөзінде Мемлекет бас­шысы қа­рапайым адам­дар­дың алдын­дағы менмендік, өр­көкіректік, кеу­дем­соқ­тық жекелеген ше­неу­нік­тердің ең бір «бей­күнә» әдеттері болып кеткенін атап өте отырып, ондай кеспірсіз көрі­ніс­терге қарсы күрес жүргізу қа­жеттігін ескертті. Тү­сі­нетін адам­­ға осы сөз үлкен ой салса керек. Лауа­зымды қызмет­тер­де жүрген азамат­тарымыз бас­қаны ескермесе де, өздерінің мем­лекеттің, оның ішінде, ха­лықтың есебінен еңбек­ақы алып жүрген­дерін есте сақтау­лары керек еді. Адамгершілік, адал­дық, парыз деген асқақ мұрат­тарды былай қой­ғанда, жо­ға­рыда ай­тыл­ған жәйт­тің өзі-ақ басшы­лық тізгінін ұс­таған аға­йын­дардың өз істеріне жауапкершілікпен қа­раулары­на себеп болу­ға жарап-ақ тұр. Адамдардың тағдырларына алаң­дау міндетіне жата қоймай­тын нарық заманында басшы­лар­ға үне­мі халық жағдайына қараса жүр деп талап қою үшін де он ой­ла­нып, жүз толғануға тура келеді. Бі­рақ, бүгінгі өмір шын­ды­ғын көре отырып шенеуніктерімізге төтесі­нен қояр бір сауал да бар. Ол – неліктен сен­дердің іс-әрекет­теріңнен мемлекетшілдік мінез бой көрсет­пейді деген сауал. Қа­зақ­стан деген мемлекеттің болуы­ның арқа­сын­да жоғары лауа­зымға қол жеткізіп, атақ-мансапқа кенеліп отыр­ған адам ең алдымен сол мемлекетке адал қыз­мет етуі тиіс. Кейбір ше­неу­ніктер айтып жүр­ген­­дей, «қай­дағы бір қазақтар» үшін емес, бор­дақыда ұста­ған­дай аузы-мұ­рын­да­рын «май­лап», өз­дерін асы­рап отыр­ған мемлекет үшін тер төгу­лері керек олар. Осынау қара­пайым қағида мемлекеттік қыз­метшілер­дің сана­сы­нан өзіне орын тапқан күні ғана олар ат­қарған істер қазір­гідей көзал­дау­шылық си­па­тынан арылып, бел­гілі бір мақ­саттарға жұмылған шы­найы мәнге ие бол­мақ. «Тәу етеріміз сен» деп айта салуды әдет­­ке айналдырған тәуел­сіздіктің оны құрметтейтін бар­шаға қояр жалғыз талабы да осы. Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ.