06 Сәуір, 2017

Басты мақсат – бәсекеге қабілеттілік

3390 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ел Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бә­се­­кеге қабілеттілік» атты Жол­дау­ын­да айқындалғандай, мем­ле­кеттік сая­­саттың басты мақ­саты – ел эко­но­микасының бәсекеге қабі­лет­тілігін арт­­тырып, халықтың әл-ауқатын кө­­теру.

Басты мақсат – бәсекеге қабілеттілік

Цифрлы технологиямен бірге Жол­дау атауындағы «жаһандық бәсе­ке­ге қа­бі­леттілік» сөзі босқа аталып тұр­ма­ғандықтан, Қазақстан экономика­сы әр­тараптандырылған және халқы жа­ңа эко­номикаға белсенді тартылған, әлем­дік дағдарыстан шыққан анағұрлым күшті және бәсекеге қабілетті елге айналуы жайында да бірер сөз.

Шағын және орта кәсіпкерлік суб­ъек­тілері қызметінің саласын барын­ша кеңейтуге және олардың қыз­ме­тін жан­дандыруға бағытталған инс­ти­­тут­тық жағдайларын жетілдіру есе­­бі­нен, Қазақстанның бәсекеге қа­­бі­лет­ті­лігін арттыру мақсатында Қазақ­с­тан Рес­публикасында орта және ша­ғын кә­сіпкерлікті дамыту жөнінде іске асы­ры­лып жатқан шараларды жақсарта тү­­су қажет.

Ұлттық экономиканың табиғи ресурс­тар, ғылым және білім әлеуеті сияқ­ты бәсекелестік қабілеттілігі фак­торларын бағалауды жақсартуға тиіс­піз. Қазіргі таңда экономиканы тұрақтандыруда және оның өсу қар­қынын жоғарылатуға бағытталған сая­­­сатты іске асыру өндірістік инфра­құ­­­рылымның аса тиімді, бәсекеге қа­білетті жобаларына инвестиция тар­­туды ынталандыру тетіктерін қа­лып­тастыру арқылы жүзеге асатыны бел­гілі. Инвестицияның өсуі және елде қо­лайлы инвестициялық климат құру да­мудың стратегиялық міндеті және ­ эко­номиканы жаңартудың өте маңызды шар­ты.

Әртараптандыру ғылымды қажет­сі­нетін, жоғары технологиялық жә­не бәсекелестікке қабілетті өнім­дер­дің пайдасына, қызмет үлес­терін кө­те­ру­ге және соңында құ­ны болатын, тау­­ар өндіруге, ІЖӨ құрылымының өз­­г­е­ріс­теріне бағыт­талуы тиісті. Ин­дус­­триялық саясат шикізат ресурс­та­­рын қайта өңдеуге байланысты са­ла­­ларды дамытуға, яғни мұнай-хи­мия­­­дағы, металлургиядағы, машина құ­­рылысындағы, тұтыну тауарларын жә­не құрылыс материалдарын өн­ді­рудегі төртінші және бесінші тех­но­ло­гиялық қайта жаңғыртуды, жүзеге асы­руға бағытталуда. Сонымен бірге экспорт және импорт орнын толтыратын, шикізаттық емес бағыттарды құру бас­ты мақсат.

Өмір сапасын арттырудың және бо­ла­­шақта бәсекеге қабілеттілігін қам­та­­ма­сыз етудің негізі болатын эко­­номикалық, әлеуметтік және эко­ло­­­гиялық аспектілердің тепе-теңдігіне қол жеткізуге тиіспіз.

Жолдауда экономикалық көрсет­кіш­­терімізді жаңа деңгейге көтерудің тө­­­мендегідей басты да нақты мәселелері ай­тылды.

− 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін 2 есеге арттыру кө­з­деліп отыр.

Еліміздегі суармалы жер көлемін 40 пай­ызға арттыру белгіленді. Қазір 1,5 мил­лион гектар суармалы жер пайда­ла­нылуда.

2021 жылға қарай азық-түлік экспортын 40 пайызға арттыру жоспарланды. Бүгінде азық-түлік түрлерін кейбір ел­дер бізден шикізат күйінде сатып алып, оны бастапқы және түбегейлі қай­та өңдеп, жартылай немесе толық дайын өнім жасап шығарып, оны ұқсатып са­ту­дан мол пайдаға кенеліп жатыр.

Инфрақұрылымды дамыту арқылы тран­зиттік тасымалды ұлғайту, оны 2020 жылға қарай 2 миллион контейнер­ге жеткізу мәселесі қойылды. Бізде қа­зір транзиттік тасымалда 800 мыңдай кон­тейнерлер бар.

2050 жылға қарай шағын және орта биз­нес шығаратын өнімдерді 50 пайызға жет­кізу. Қазір біздің еліміздегі 85 па­йыз шағын кәсіпкерлік субъектілері 19 пайыз өнім шығарады. Халықаралық дең­гейде бұл аз.

Медициналық сақтандыру жүйесіне кө­шу. Бұл орынды қолданғанда ден­сау­лық сақтау саласына бөлінетін қар­жы­ны тиімді пайдалануға мүмкіндік бе­реді.

Бала туу көрсеткіштері 1999 жылы жы­лына 200 мың бала дүниеге келген бол­са, 2016 жылы 400 мыңға жетіпті. Бұл өте жақсы көрсеткіш, енді осыған қа­тыс­ты әлеуметтік қолдау шараларын бұ­дан әрі жақсарта түсуіміз қажет.

Сонымен, Жолдауда басты лейтмо­тив ретінде әлемде күтіліп отырған эко­номикадағы жаңа жаһандық архитек­ту­рада өзіміздің прагматикалық және эко­номикалық даму стратегиямыз ұсы­нылып отыр. Осы белгіленген ба­сым­дықтардың әрбірінде еліміздің да­му болашағы көрініп тұр. Осы ба­сым­дықтарды дер кезінде жүзеге асы­­ру «Стратегия-2050», «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспары және «Нұрлы жол» секілді маңызды құжаттарда көр­сетілген мақсат-міндеттерді орын­дауға екпін береді.

 

Мырзагелді КЕМЕЛ,

экономика ғылымдарының докторы