26 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №364

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 5 сәуір, Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде: «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде: 010 «Бәйтерек» ғарыштық зымырандық кешенін құруды несиелеу» деген бюджеттік бағдарламада: «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолдың «2011 жыл» деген бағанындағы «0» деген сан «3 587 617» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттік шығындар жинағы» деген 7.2-кіші бөлімде: «2011 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығындардың барлығы:» деген жолдағы «35 304 595» деген сандар «38 892 212» деген сандармен ауыстырылсын; «Дамудың бюджеттік бағдарламалары» деген жолдағы «32 879 382» деген сандар «36 466 999» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.