Қаржы • 06 Сәуір, 2017

Қазақстанда тағы бір Ислам банкі ашылуы мүмкін

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзірге Қазақстанда исламдық қаржыландырумен тек бір ған банк айналысады.

Қазақстанда тағы бір Ислам банкі ашылуы мүмкін

Алдағы уақытта Қазақстанның қаржы нарығына “Заман-Банк” АҚ кіруі мүмкін, деп мәдлімдеді ҚР Ұлттық банк Қаржы нарығының методология департаментінің директоры Нұрлан Әбдірахманов.

«Бұл банк исламдық қаржыландыру тәртібі бойынша банк қызметтерін ұсынатын болады», — деді Нұрлан Әбдірахманов.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда жалғыз ислам банкі бар. Ол – “Al Hilal” Ислам банкі” АҚ. Бұл банк Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің Келісімі негізінде ашылған еді.


Соңғы жаңалықтар