Әлем • 07 Сәуір, 2017

АҚШ Сирияға қанатты зымыран жаудырды

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Пентагон өкілі Хомс қаласы маңындағы Сирия өкіметтік әскерінің «Шайрат» әуе базасына американ кемелерінен шамамен 59 «Томогавк» ракетасы атылды. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

АҚШ Сирияға қанатты зымыран жаудырды

Дәл осы әуе базасынан сейсенбі күні таңертең Сирия авиациясы Идлиб провинциясындағы Хан-Шейхун қаласына жорамал бойынша химиялық қару қолдана отырып соққы жасаған болатын дейді басылым. Соның салдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза болды.  

Тағы бір американ шенеунігінің айтуынша, ракеталық шабуыл кезінде Сирия әскери әуе базасындағы ұшу-қону жолы, ұшақтар мен тікұшақтар және жанармай құю стансалары нысанаға алынған. Ол Сириядағы ресей әскери объектілері көзделмегенін айтты.

СNN-нің хабарлауынша, АҚШ бірнеше елге әскери операция туралы хабар берген, бірақ олардың ішінде Ресей болмаған. Time журналының Ақ үйдегі тілшісі берген мәліметке сәйкес, операция алдында Дональд Трамп Владимир Путинге телефон шалмаған. 

Ал Пентагон өкілі нысанаға алынған әскери базада ресейліктер болғанын, бірақ АҚШ оларға жасалғалы отырған шабуыл туралы туралы ескерткенін мәлімдеді.

Әскери операция туралы ақпарат жария бола салысымен, АҚШ Президенті арнайы мәлімдеме жасады. «Бүгін мен барлық өркениетті елдерді Сириядағы қанды қырғынды тоқтату жолын табуға шақырамын. Химиялық қаруды тарату және қолданудың алдын алу АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін өмірлік маңызды мәселе. Бүгінде күмәнсіз факт бар: Сирия тыйым салынған химиялық қаруды қолданды, осылайша Химиялық қару жөніндегі конвенцияғы міндеттемелерін бұзды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің талаптарын орындамады» деді Дональд Трамп.

Мұның алдында АҚШ Президенті Сирияда бейбіт тұрғындарға химиялық қарудан шабуыл жасалып жатқанын сырттан бақылап қана отыра алмайтынын мәлімдеген болатын.

Дайындаған Е.Әбдіраман

Соңғы жаңалықтар