Қазақстан • 07 Сәуір, 2017

Шыұ өкілдері көрме қалашығын тамашалады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясында өткен жиынға келген делегация ЭКСПО-2017 қалашығын аралады. Қонақтар көрмедегі ШЫҰ павильонымен танысып, Бірыңғай қызмет көрсету орталығының базасында болды.

Шыұ өкілдері көрме қалашығын тамашалады

«ШЫҰ өкілдерінен құралған делегация көрмедегі өздеріне тиесілі орындарды тамашалап, ондағы жұмыстарға оң баға­сын бергенін айтуымыз керек. Олар Бірыңғай қызмет көрсету орта­лығына да ат басын бұрып, көрсетілетін сервистердің бағыт-бағ­дарын да көздерімен көрді. Мұн­да көші-қонды тіркеу, салық­тарды қадағалау сияқты бірне­ше мемлекеттік қызметтер көрсе­тіледі. Жұмыс барысы заман та­ла­бына сай – «бір терезе» қағида­ты­мен жүзеге асырылады», деді «Ас­тана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Сер­­вистік қамтамасыз ету депар­та­ментінің директоры Диас Әзбер­генов.

Компания өкілінің айтуынша, ЭКСПО-2017 халықаралық шарасы­на қатысуға келісімдерін растаған 115 мемлекет павильондарын ке­рек-жабдықтармен қамтамасыз етуде. Бүгінге дейін қалашыққа 650 тоннадан астам жүк түсірілген. Ал қатысушы мемлекеттер еншісіне тиген орындарға және Қазақстан тарапынан жасалған қызметтік жағ­дайларға ризашылықтарын біл­діруде.


Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»



Соңғы жаңалықтар