Қазақстан • 07 Сәуір, 2017

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты елімізде ауа райы құбылмалы болады, тек республиканың батысында және орталығында күн ашық. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. Ал солтүстікте және шығыста көктайғақ әрі бұрқасын сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күшеюі мүмкін.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде жекелеген аудандарында тұман түсуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де тұман басуы мүмкін. Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар