Бизнес • 07 Сәуір, 2017

Ауылшаруашылық жерлері жалға конкурстық негізде беріледі

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина айтты.

Ауылшаруашылық жерлері жалға конкурстық негізде беріледі

«Өздеріңізге белгілі жер сала­сында туындаған сұрақтар бо­йынша арнайы комиссия жұ­мыс жасаған болатын. Қоғам­дық пікірлерді саралай келе Жер реформасы бойынша комис­сияның жер заңнамасын жетіл­діру жөніндегі дайын­дал­ған ұсыныстарына сәй­кес, Жер кодексіне келесі өзге­ріс­тер мен толықтырулар ен­гізу қарастырылады. Олар – қазақ­­стандықтарға ауылшаруа­­шылық жерлерін жалға беру инсти­тутын сақтау және жетіл­діру. Қазақстан­дық­тар­ға жалға берілетін ауыл­шаруа­­шылық жерлерінің шек­ті (ең жоғары) мөлшерін бел­гі­леу. Естеріңізде болса, біз­де ауылшаруашылық жер­лерін жалға беруде шектеу бол­ма­ған. Қазіргі таңда бұл көтеріліп отырған аса ма­ңыз­ды мәселелердің бірі бо­лып табылады. Сонымен қатар, шекара маңындағы аймақ­тарда ауылшаруашылық жер­лерін берудің талаптарын қатаң­дату. Және де, халық­тың қажеттіліктерін қанағат­тан­дыру үшін елді мекендер маңын­дағы жайылым алаң­дарын анықтау. Аталған ұсы­ны­старды ескере келе Ауыл шаруа­шылығы ми­нистрлігі заң жобасын әзірлеп, Мә­жі­ліске ұсынған болатын. Ол қазір жан-жақты талқылануда.

Сонымен қатар ол, Жер кодексіндегі тәртіпке сәйкес ауыл шаруашылығындағы жер­лерді беру конкурстық негіз­де жүзеге асырылатынын тілге тиек етті.

«Конкурсты өткізу туралы хабар­ламаны бұқаралық ақ­па­рат құралдарында, әкім­дік­­тердің және Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің ресми ин­тернет-ресурстарында жария­лайтын боламыз. Ол үшін ең бірінші жер учаскелерін анық­­тап алып, конкурсқа қою­­дың ал­дында, қоғамдық кеңес­тің ке­лісіміне жібереді. Олар жер­лердің қайсысы кон­курс­қа шығарылатынын, қай­сы­сы халыққа қажет екенін анық­­тай­ды. Оның схемасын жер­гі­лік­ті атқарушы органдар жасай­тын болады. Жоғарыда атап өт­кен конкурстың комис­сия құра­мы­ның 50 пайыз­дан астамын қоғам­дық кеңес­тің мүшелері құрай­тын бола­ды. Олар жыл сайын жаңа­рып отырады. Және де, бері­ле­тін жерлердің ұтымды пай­да­ланылуын тексеру мақ­сатында, заң жобасымен тұрақ­ты мониторинг жүргізу қарас­ты­рылып отыр. Жалға алудың ал­ғаш­қы 5 жылында – жыл сайын, ке­лесі кезеңдерде суармалы жер­лерге әрбір 3 жылда, егістік жер­­лерге әр 5 жылда бір рет мони­­торинг жүргізіледі», деді ол.


Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар