Инфографика • 07 Сәуір, 2017

Емханаға қалай тіркелуге болады?

270 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстанда 5 сәуірден бастап «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталды.

Емханаға қалай тіркелуге болады?

Ол туралы баспасөз мәслихатында Ден­саулық сақтау вице-министрі Лязат Ақ­таева мәлімдеді.

«Емхана – ол қандай да бір медици­на­лық көмек алу үшін «кіреберіс» болып та­бы­лады. Онда сіздің шын мә­нінде қайта тір­­келгеніңізді тексеру маңызды. Өйткені, азамат көбіне бір қалада, ауданда тұрады да, басқа ме­кен-жай бойынша тіркеледі. Мұндай жағ­дайларда медициналық қызмет көр­се­туде  қиындықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік ме­д­ициналық сақтандыру жүйесінде өз мәр­тебесін анықтау керек», деді Лязат Ақтаева.

Өз кезегінде, «Әлеуметтік меди­ци­на­лық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма тө­­р­айымы Елена Бахмутова тіркелу нау­қа­нының ерекше маңыздылығына тоқ­та­лып өтті. Айтуынша, бұл міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру (МӘМС) жүйе­сін енгізуге дайындық шараларының бірі болып табылады.

«Қазірден бастап өзіңіздің аза­мат­тар­дың қай санатына жата­ты­ны­ңыз­ды анық­тап алыңыз. Жарнаны сіз үшін кім тө­лейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әл­де, өзіңіз бе? Осыны түсініп алу керек», деп түсіндірді Е.Бахмутова.

Қор төрағасы МӘМС заңы бойынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 са­нат­тағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейтінін тілге тиек етті.

Азаматтарды алғашқы медициналық-са­нитарлық көмек көрсету ұйымдарына (бұ­дан әрі – АМСК ) тіркеу, тұрақты не­месе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, бір әкім­ші­лік-аумақтық ме­ди­циналық ұйым шеңберінде жүзеге асырады. Аза­мат­т­ар дәрігер мен емхананы еркін таң­да­ған кезде емханаға тіркелу жылына бір реттен артық болмауы керек.

АМСҚ ұйымдары азаматтар жеке өті­­ніш білдірген кезде тіркеуді жүзеге асы­­рады.

Отбасы мүшелерін тіркеу отбасы мү­шелерінің бірінің негізінде отбасы мү­шелерінің олардың жазбаша келісімі бол­ған жағдайда және еркін нысандағы өтінішті отбасының әрбір мүшесіне жеке басын куәландыратын құжаттарын беру кезінде жүзеге асырылады.

«Емхананы таңдау кезінде ме­ди­циналық қызмет көрсету үшін оның сіз­дің үйіңізге орналасу жағынан аумақ­тық жақындығын ұмытпау керек. Емха­на­ның жақын орналасуы сізге және сіз­д­ің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Дә­рі­герді үйге шақыру кезінде сізге ол уақ­ты­лы және сапалы қызмет көрсете алады», деді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, азаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды. Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне, және атап айтқанда, сақтандырылған аза­маттар – медициналық сақтандыру па­кеті аясында медициналық қызметтер пакетіне қол жеткізеді.

Еліміздің әр тұрғыны емханаға тір­келу науқаны аясында бастапқы ме­ди­циналық ұйымға тіркелгенін тексе­румен қатар, өзінің категориясы тура­лы мәлімдеуі қажет. Сіз кімсіз – жалдамалы қызметкер, же­ке кәсіпкер, өзін-өзі қам­тушы азамат, әл­де ресми кірісі жоқ немесе еш жерде жұ­мыссыз болып тір­кел­меген жұмыссыз азаматсыз ба?

Ертең сақтандырылған адамның мәр­тебесін және оған қатысты қажетті мед­ициналық көмек алу кезінде қиын­ды­қ­тар туындамау үшін барлығын қазір анықтау маңызды болып табылады.

МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпаратты, жарналар мөл­ше­рі және төлеу схемаларын сіз өз ем­ха­наңыздағы тіркеу орны немесе сіздің учас­­кедегі медициналық қызметкерге жү­гіну арқылы біле аласыз.

Сонымен сіз емхананы таңдадыңыз, ен­ді оған қалай тіркелу керек? Мұны жү­зе­ге асыру өте оңай.

Бұл үшін сізге емханаға жеке бас­ты куәландыратын құжатпен келіп, бас дә­рігердің атына өтініш жазу керек. Еш­қан­дай атаулы анықтама талап етіл­мей­ді. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жү­зеге асырылады.

Емханаға тіркелудің екінші тәсілі интернет пайдаланушылар үшін ыңғайлы. «Электронды үкімет» (еgov.kz)порталы арқылы электронды құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырып сұрау салу қажет. Емханадағы жауапты қызметкер электронды сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады жә­не сіздің тіркеу туралы талоныңызды да электронды түрде ресімдейді. Тір­кел­ге­ні­ңіз туралы ақпаратты «еgov» пор­та­лын­дағы «Емхананы таңда» бөлімі­нен анық­тай аласыз.

«Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады және бір уақытта бірнеше емханада тіркелуі мүмкін емес. Азаматтардың өздері өтініштермен келіп АМСК ұйымдарына тіркеу кезінде, бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан автоматты түрде шығару «Азаматтарды тір­­кеу регистрі» порталы арқылы жүзе­ге асырылады», атап өтті Ажар Төле­ға­лиева, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар