Парламент • 07 Сәуір, 2017

Қуат көзін қолдау керек

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Ақтау қаласы мен өңірге электр қуаты мен жылу беріп отырған негізгі энергия кешені – «Маңғыстау атом-энергия комбинаты» (МАЭК) ЖШС кәсіпорны. Осы кәсіпорын қазір қаржылық қиындықты бастан кешу­де. Биылғы, 2017 жыл­дың со­ңын­да 4,7 млрд тең­ге бюд­жет тапшылығын көре­міз бе деп отыр.

Қуат көзін қолдау керек

Мұндай тығы­рыққа тіре­лу­дің негізінен екі себебі бар. Бірін­шіден, электр энергиясы, жылу, техникалық және ыстық судың Ұлттық эко­номика министрлігінің Табиғи моно­полия­ларды реттеу, бәсе­келес­тікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 2015 жылы бекіткен тарифтері­нің төмендігі. Екіншіден, кәсіп­орынның өндіретін өнімінің өзіндік құнының 60 пайы­зын құрайтын газ шығынының 2015-2016 жылдарда 29 пайыз­ға арт­қандығы. 

Міне, осы факторлар кәсіп­орынның қар­жылық жағдайын мүшкіл халге жет­кізіп, жос­парланған жөндеу жұмыс­тарын жасауға, энергия ресурс­тарын өндіруді азайтуға және т.б. қиын­шылықтарға тіреп тұр. Осы мәселелерді ескеріп мен кәсіп­орын басшыларының өтінішімен Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдап, МАЭК-тің жағдайын жақсарту жол­дарын ұсындым. Оның ішінде «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 13-бабының 3-тарма­ғын­дағы стратегиялық тауар­лар деген тізімді «өзі өндіретін су» деген сөздермен толықтыру керек екендігін айттым. Өйт­кені, заңның редакциясында «са­тып алынатын су» деген сөздер ғана жазылған. Ал біз сөз етіп отырған кәсіпорын суды са­тып алмайды, өзі өндіреді. Сон­дай-ақ, заңның 1.2-тармағына «электр энергиясы» деген сөзді қосуды ұсындық. Заңға осын­дай өзгерістер енгізілсе аталған кәсіпорынды оңалту шаралары жасалар еді. Сонымен қатар, Премьер-Министрден МАЭК үшін жылу энергиясын өндіру ғана емес су, электр мен жылу энергиясын өндіруге бөлінетін газ тарифінің де жеңілдетілуі өті­нілді. Осы өнімдер тариф­тері­нің өзгеруі жылдың бір мез­гілінде жасалатын болса тиімді болар еді. Ал егер газ тарифі 1 шілдеден бастап көтерілетін жағдайда МАЭК өзі өндіретін электр қуатының бағасын тек келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана көтере алады.

Осы мәселелерге Үкімет бас­шы­сы назар аударып, өңір­дегі электр және басқа да ре­сурс­тар өн­діретін кәсіп­орынды ты­ғы­рық­тан құтқарар деген үмітіміз бар.

Бақтыбай ШЕЛПЕКОВ,

Сенат депутаты



Соңғы жаңалықтар

Желіден жалыға бастады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:22

Мәртебелі мысық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Ең қымбат қуаныш

Қоғам • Бүгін, 09:17

Достықты дәріптеген мюзикл

Театр • Бүгін, 09:15