Жекпе-жек бастала салысымен Батыр қарсыласын қыспаққа алумен болды. Үшінші раундта-ақ жекпе-жекті аяқтауы мүмкін еді, бірақ көрермендер үшін және қарсыласы үшін бокстасуға мүмкіндік берді.
Жетінші раундқа дейін Батыр үнемі шабуылда болды. Өз кезегінде Косме Ривера да қарап қалмады, реті келгенде қарсы шабуылда жақсы соққылар жасады. Дегенмен, жетінші раундта Батырдың сериялы соққысына шыдай алмай тағы бір нокдаун алды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, Батыр «777» карьерасында тұңғыш белбеуін иеленді.
«Бұл менің арманым болатын. Міне, тынбай еңбектенгенімнің арқасында арманым жүзеге асып жатыр. Әлемдік деңгейдегі чемпиондыққа тағы бір сәтті қадам жасағаныма қуаныштымын. Барша жанкүйерлеріме, маған көмегін тигізген жандарға алғысымды білдіремін», – деді Батыр Жүкембаев жекпе-жек соңында.