«Бүгінде жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеруге Үкімет тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп отыр. Өйткені, Елбасымыз айтып өткендей, елді индустрияландыруға байланысты жұмысшы мамандықтарының маңызы арта түседі. Ел экономикасының негізі білікті мамандардан, өз ісінің шеберлерінен құралады», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Биылғы аймақтық чемпионатқа қатысушылар «Мехатроника», «Электрмонтаждау жұмыстары», «Желілік және жүйелік әкімшілік», «Дәнекерлеу технологиясы», «Кірпіш қалау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Мейрамханалық сервис», «Аспаздық ісі», «Шаштараз өнері», «Сандық бағдарламалық басқару станоктарындағы токарьлық жұмыстар», «Инженерлік графика» CAD (автоматтандырылған жобалау жүйесі) мамандықтары бо-йынша шеберліктерін ортаға салды.
Шара соңында 1,2,3-орындарды иеленген 33 жүлдегерді облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Садықова сертификаттармен марапаттап, биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жолдама мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Әр салада топ жарған 11 жеңімпаз әуелі елордада өтетін республикалық кезеңде бақтарын сынайды. Бұл сыннан сүрінбей өткендер Абу-Даби қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғайтын болады.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН
Суретті түсірген
Ғылымбек СӘБИТОВ