Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, соңғы күндері жылына түскен ауа-райы қайтадан салқындайтын болады. Қазақстанның батыс облыстарындағы циклон, солтүстік-шығыс бағытында жылжып келеді және алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігіндегі ауа-райының жағдайы осы циклонға байланысты болады. Солардың әсерінен бұлтты және жауын-шашынды ауа-райы болады деген болжам бар.
Көбіне күн жаңбырлы, кей жерлерде желдің күші 15-25 м/с дейін болады деп болжануда. Температура төмендейді, бірақ қалыпты нормадан 3-6ºС жоғары болып қала береді.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/aldagy-ush-taulikte-elimizde-kun-kayta-salkynday-tusedi_a3015733